Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
4020 2 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 15:30

Иран президенті: коронавирусты елімізде 25 млн адам жұқтырды

Иран президенті Хасан Роухани 18-шілде күні халыққа жасаған телеүндеуінде сұмдық ақпаратты жария етті. 

«Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа зерттеуіне сүйенсек, елімізде вирусты жұқтырғандар саны 25 млн адамға жетіп, 14 мың адам көз жұмған», – деді президент.

Жаңа зерттеу вирустың жұғу алгоритмін қайта қарап, жұқтыруы мүмкін жандардың санын компьютермен есептеп шыққан.

Иран денсаулық сақтау министрлігінің соңғы шынайы ресми мәліметіне сенсек, елде вирус жұқтырғандар саны 271606, ал көз жұмғандар саны 13979 адамды құрайды.

Асхат Қасенғали

Дереккөз: newsroom.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 867
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1166