Сенбі, 31 Қазан 2026
3382 0 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 10:58

Қазақстанда бір аптада коронавирустан 210 адам қайтыс болды

Қазақстанда 13-19 шілде аралығында коронавирус инфекциясынан 210 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен аптада ең көп адам өлімі Нұр-Сұлтан (114), Алматы облысында (19), Түркістан облысында (18) тіркелген. Қайтыс болғандардың ең үлкені - 1928 жылы, ең кішісі 1997 жылы туған.

Эпидемия басталғалы бері елде коронавирустан барлығы 585 адам қайтыс болған:

  • Нұр-Сұлтан - 195
  • Алматы қаласы - 54
  • Шымкент - 31
  • Ақмола облысы - 31
  • Ақтөбе облысы - 18
  • Алматы облысы - 23
  • Атырау облысы - 18
  • Шығыс Қазақстан облысы - 5
  • Жамбыл облысы - 7
  • Батыс Қазақстан облысы - 22
  • Қарағанды облысы - 81
  • Қостанай облысы - 3
  • Қызылорда облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 23
  • Павлодар облысы - 23
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 8
  • Түркістан облысы - 36

Қазақстан 1 тамыздан бастап қоздырушысы белгісіз я зертханада расталмаған вирустық пневмонияны коронавирус статистикасына қоспақ. Жыл басынан 15 шілдеге дейін 234 мың адам пневмонияға шалдыққан, оның 3,3 мыңы қайтыс болған. Денсаулық министрлігі мұның қаншасы қоздырушысы белгісіз белгісіз пневмония екенін айтпады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1317
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1870