Сенбі, 23 Қараша 2024
4243 1 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 13:00

Шпекбаев "СҚ-Фармация" басшылығына үндеу жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "СҚ-Фармация" компаниясының жаңа басшылығын барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға шақырды.

«Әлеуметтік желілерді мұқият бақылайтын кез-келген адам коронавируске байланысты жағдайдың күрделенуінің басты себептерінің бірі - сыбайлас жемқорлық, бюрократия мен жауапсыздық деп санайды және менімен келіседі. Бұл бір жағынан өте орынды, әсіресе, "СҚ-Фармацияның" лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде әділ бағаға қатысты», - деді Шпекбаев алты айдың қорытындысы бойынша агенттік алқасының отырысында.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, "СҚ-Фармация" жемқорлық тәуекелдеріна қатысты талдау жұмыстарын жүргізуі қажет.

«Қазіргі уақытта "СҚ-Фармация" қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізуі қажет. Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне және парасатты болуына байланысты. Бұл бізді ғана емес бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығын қызықтырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша ("СҚ-Фармация" - автор) барлық ұсынысты орындайды деп үміттенемін», - деп толықтырды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475