Сейсенбі, 19 Қазан 2021
Жаңалықтар 3019 0 пікір 1 Желтоқсан, 2011 сағат 05:07

Ата-ана, абай бол! Балақай, байқа!

Қауіпті идеялар болашағымыздың есігін қағып тұр.

Кеше «Бөбек» Ұлттық орталығында діни экстремизм, сепаратизм және лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы кездесу өтті. Діни экстремизм, сепаратизм және терроризм идеяларының алдын алу, оқушылар мен ұстаздар арасында профилактикалық, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге «Бөбек» Ұлттық орталығына қарасты білім беру мекемелерінің, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері, діни мәселелермен жұмыс жүргізетін мемлекеттік құзырлы органдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында жас ұрпақтың дінге деген көзқарасы, танымы, қабылдауы туралы сөз болып, елімізге астыртын, бөтен елден келіп жатқан әрі соңы лаңкестікке аяқ бастыратын жолдардан абай болу жайында сөз қозғалды. Сол секілді, адамды ізгілендіретін ислам дінінің қазіргі таңда болып жатқан көптеген лаңкестік оқиғаларға қатысы жоқ екені, тіпті діннің лаңкестікке қарама-қайшы ұғым екені айтылды.

Жомарт Айтқазы, «Бөбек» Ұлттық орталығы Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, ұйымдастырушы:

Діни экстремизм, сепаратизм, терроризм идеяларының алдын алу, болдырмау мәселелері бойынша «Бөбек» Ұлттық орталығында кездесу өткізуіміздің өзіндік мәні, маңызы бар. Себебі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Өзін өзі тану» бағдарламасының идеясын жүзеге асырған жаңашыл білім бесігі болып табылады. Бүгінде мейірімділіктің ордасына айналған «Бөбек» Ұлттық орталығы діни экстремизм, терроризм сияқты қоғам мен жекелеген адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, елдің тыныштығы мен береке-бірлігіне нұқсан келтіретін қандай да болмасын зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптайды».

Жұмағұлов Ғани Балшабекұлы, Алматы қаласы ІІД Экстремизм, сепаратизм және лаңкестікпен күрес басқармасы бастығының орынбасары:

-   Бізде, біріншіден, адамдардың дін жағынан білім деңгейі жетіспейді. Қазіргі кезде ата-аналар балам мешітке барады,  намаз оқиды деп қуанып жатады. Ал олар балалардың қандай ілім алып жатқанын, қандай бағытта, қандай ағымда жүргенін біле бермейді. Біздің көптеген жастарымыз шетелге барып діни білім алуда. Ал, олардың қай елде оқып, қандай білім игеріп келетіні үлкен мәселе. Оның қайсы дұрыс, қайсы бұрыс білім игерді дегенге жауап беру де өте қиын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жастар ғаламтор арқылы білімдерін жетілдіруге тырысады. Бұл ретте де олар қандай ақпаратты пайдаланады, дұрыс па, бұрыс па. Осындай мәселелер бар. Жастар білмегендерін ресми мүфтияттан сұраулары тиіс.

P.S. 30 қараша күні «Бөбек» Ұлттық орталығында өткен отырысты орта және арнаулы білім беретін мемлекеттік әм жекеменшік мекемелердің бәрінде пәрменді түрде жалғастыру қажет деп білеміз.  Діни экстремизм, сепаратизм, терроризм идеяларының алдын алу үшін профилактикалық, ақпараттық-насихаттық жұмыстар сондай-ақ, жоғары оқу орындарында да қарқын алуы керек. Бұл орайда балалар үйі де назардан тыс қалмауы керек. Өйткені, дәстүрлі діндердің атын жамылған ағымдар жастарды күн өткен сайын баурап барады. Ақыл-ойы толысқпаған бала емес, үлкендердің өзі алаяқ ағымдардың шылауында кетіп жатқан заманда жас жеткіншектерімізді жаттың қолына беріп қою - түк те емес. Алматы қаласы ІІД Экстремизм, сепаратизм және лаңкестікпен күрес басқармасы бастығының орынбасары Ғани Жұмағұловтың: «Жастар білмегендерін ресми мүфтияттан сұраулары тиіс» деген сөзін мысал ете отырып, қауіпті идеялардан, ата-ана абай бол, балақай, байқа! - дегенді қадап айтқымыз келеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір