Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 5143 21 пікір 24 Шілде, 2020 сағат 11:49

Шенеуніктердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тест жасалды

Мемлекеттік басқару Академиясы алғаш рет қазақ тілін деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасының негізіне сүйене отырып, «RESMI QAZTEST» деп аталатын қазақ тілінен тестілеудің жаңа форматын әзірледі.

Аталған орталықтың хабарлауынша, алғаш рет іске қосылғалы отырған тест мемелекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу жоғары оқу орнынан кейінгі ересек аудиторияның  қазақ тілінің ғылыми, ресми, публицистикалық стильдері бойынша әр түрлі көлемдегі бірізді мәтін құрастыру (баяндамалық, талдамалы-сараптамалық), көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын деңгейлеп анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде  қазақ тілі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылады, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілген, ал, жоғары оқу орнынан кейінгі тілді кәсіби саланың бағытына бейімдеп оқыту нормативті-құқықтық тұрғыдан  қарастырылмаған. Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қазақ тілін ауызекі стилінде ғана қолданады, ресми стильдің жазылымы мен мәтін құрастыру техникасын, әдіс-тәсілдерін жоғары оқу орнында игермеген,   көпшілік алдында сөз сөйлеудің стратегияларын қолданбайды»,-деп атап өтті «RESMI QAZTEST» тестілеуін құрастырушылардың бірі, Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенова.

Ресмиқазтест әлемдік тәжірибелерді ескере отырып әзірленген және тыңдау, көпшілік алдында сөйлеу, ресми оқу, ресми жазу және CEFR сынды халықаралық тестілеу орталықтарының орфографиялық нормаларын қамтиды:  базалық деңгей (В1, В2) және еркін деңгей (С, С2). Үміткердің қазақ тілін меңгеру құзыреттілігін анықтауға арналған «RESMI QAZTEST» тыңдалым, лексика-грамматика, жазылым, сұхбат бөлімдерінен тұрады.

 Тыңдалым бөлімі  – үміткердің 1,5-2 минуттық видеода көрсетілген ақпараттың өзектілігін дұрыс түсінуіне бағытталса,   лексика-грамматикалық бөлім – сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мәнін анықтау мақсатында әзірленген.  Жазылым бөліміт тест тапсырушының ресми стильде мәтін құрастыра алу дағдысын, сұхбат бөлімі үміткердің көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын анықтауға бағытталған.

«Бұл қажеттіліктен туындап отыр, біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің ресми стиль бойынша білімдері бірізді анықталады, кәсіби қызметке қажетті білім Академияда меңгертіледі, екіншіден, мемлекеттік аппарат тілдік жағынан кәсібилендіріледі, соның ішінде, деңгейлеп оқыту бағдарламаларын енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінің ресми стилінде оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу дағдылары дамытылады»,- деді Нәзигүл Төленбергенова өз сөзінде.

Қазіргі таңда Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге үміткерлер ResmiQazTest-ті пилоттық форматта сынақтан өткізуде.14 шілде мен 31 шілде аралығында үміткерлер аталмыш тестті APA.TALANTIZ.KZ онлайн платформасында тапсырады. Оқуға қабылданған, алайда мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі B1-ден төмен болғандар Академияның қашықтан оқыту курстарынан немесе өзге тіл орталықтарының курстарынан өту арқылы оқу жылы басталғанға дейін өз деңгейлерін талап етілетін межеге дейін көтерулері қажет.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415