Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3353 4 пікір 25 Шілде, 2020 сағат 14:55

Халықты кінәлай салуға болмайды

Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласында болған жағдайға біржақты қарауға болмас. Ел ішінде қордаланған мәселе көп. Мына індеттің түрі жаман, жан-жағымызды қаусырып барады. Қысқа жіп күрмеуге келмей, тұрмыс тауқыметі қинайды бір жағынан. Жүйке сыр бермей, қайтсін?!

«Соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз» деді ғой Президент. Осындай тұста онсыз да зәре-құты ұшқан жұртқа жалған ақпарат таратып, елді арандатып, дүрліктіргісі келетіндер тиісті жазасын алатыны анық.

«Мың күнде сынбаған шөлмек, бір күнде сынады» дейді. Ал сынған, шытынаған дүниені әуелгі қалпына келтіру мүмкін емесі белгілі. Қанша қиын болғанмен, төзімді болмасақ, сабыр сақтамасақ болмайды.

Былайғы кезде ұстанымымыз, дүниені қабылдауымыз, қоғамға көзқарасымыз әрқилы болуы мүмкін, бірақ өз қолымызды өзіміз кеспейміз ғой, елдің тұтастығына, қауіпсіздігіне сын келетіндей жағдайда керітартпалыққа жол берілмеуі керек, қысқасы.

Сосын қит етсе, халықты кінәлай салуға болмайды. Осы жолы Мемлекет басшысы жоғарыда аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Шенді-шекпенділер есеп үшін емес, ел үшін қызмет қылмаса жағдайдың ушыққаны ушыққан!

Қуат Әуесбайдың жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377