Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 5660 12 пікір 27 Шілде, 2020 сағат 13:46

Сенатқа үміткерлер. Бұлар кімдер?

Орталық сайлау комиссиясы 12 тамызда өтетін сайлауға Сенат депутаттығына кандидаттардың қорытынды тізімін бекітті. 

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына 58 кандидатты тіркеді. Олар сенаттағы 17 орынға «таласады». Орташа есеппен бір орынға 3 адам үміткер. Өңірлер арасында ең көп кандидат саны Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында – 5 адам тіркелген.

Сонымен, ресми тіркелген 58 үміткер кімдер?

Нұр-Сұлтаннан бес үміткер тіркелген:

Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, 1961 жылы туған, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің төрағасы, елорадық мәслихаттың сессиясында ұсынылған;

Мейрамбай Әскербайұлы Оралов, 1956 жылы туған, тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін сақтау дирекциясы директорының орынбасары, өзін-өзі ұсынған;

Маулен Естайұлы Самамбетов, 1966 ж.т., «Астана Орманы» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынған;

Дархан Таңатұлы Сағындықов, 1985 ж.т., «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры, өзін-өзі ұсынған;

Абылай Гапурұлы Әбішев,  1963 ж.т., ақпарат, коммуникация және байланыс салалық кәсіподағының төрағасы, өзін-өзі ұсынған.

Алматы қаласынан өзін-өзі ұсынған үш кандидат тіркелді:

Андрей Михайлович Захаров, 1966 жылы туған, «Евразия СТ» ЖШС президенті;

Тимур Таймасұлы Нұртаев, 1975 жылы туған, «ТИМУС-construction» ЖШС кеңесшісі,

Сұлтанбек Алмасбекұлы Макежанов, 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.

Шымкенттен үш үміткер тіркелді:

Толқын Болатбайқызы Аюбаева, 1976 ж.т., № 77 лицейдің директоры, өзін-өзі ұсынған;

Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова, 1975 ж.т., Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында ұсынылған;

Бектай Нұртайұлы Орманов, 1984 ж.т., «Нұр Әлем» ЖШС төрағасы, өзін-өзі ұсынған.

Ақмола облысынан бес үміткер тіркелді:

Нұрлан Жексембайұлы Бекенов, 1961 ж.т., Ақмола облысы бойынша аймақтық тексеру комиссиясының төрағасы, Зеренді аудандық мәслихатының, Көкшетау қалалық мәслихатының сессияларында ұсынылған;

Нұрлан Қайырұлы Жаров, 1975 ж.т., көп салалы облыстық аурухананың директоры, өзін-өзі ұсынған;

Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева, 1972 жылы туған, Көкшетау қаласындағы IT-мектеп-лицейінің директоры, өзін-өзі ұсынған;

Сәкен Кәрімбекұлы Жұманалин, 1965 ж.т., «Намыс» құрылыс компаниясының директоры, өзін-өзі ұсынған;

Мәди Сағынтайұлы Елубаев, 1982 ж.т., Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, өзін-өзі ұсынған.

Ақтөбе облысынан үш үміткер тіркелді:

Құдайберген Елтекұлы Бекенов, 1959 жылы туған, «Желдорформация» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынған;

Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев, 1967 жылы туған, облыстың Кәсіподақтар орталығының төрағасы, өзін-өзі ұсынған;

Бауыржан Нұрәліұлы Қаниев, 1958 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі, Шалқар және Хромтау аудандық мәслихаттарының сессияларында ұсынылған.

Алматы облысынан өзін-өзі ұсынған үш кандидат тіркелді:

Әсет Серікқалиұлы Қыдырманов, 1981 жылы туған, облыстың Кәсіподақтар орталығының төрағасы;

Саят Сарқытбайұлы Сакмолдин, 1974 жылы туған, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аймақтық аумақтық инспекциясының басшысы;

Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембинов, 1959 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.

Атырау облысынан үш үміткер тіркелді:

Серік Мураденұлы Смағұлов, 1976 жылы туған, «АТМА-Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ Басқарма басшысының орынбасары, өзін-өзі ұсынған;

Сағын Темірханұлы Сейілханов, 1962 ж.т., «ҚТЖ» ҰК» - «Атырау магистральдық желі бөлімшесі», бас инженер, өзін-өзі ұсынған;

Сағындық Есенғалиұлы Лұқпанов, 1960 жылы туған, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарушы директоры және басқарма мүшесі, Атырау облыстық мәслихатының сессиясында ұсынылды.

Батыс Қазақстан облысынан өзін-өзі ұсынған үш кандидат тіркелген:

Ақылбек Теміржанұлы Аманғалиев, 1970 жылы туған, «Батыс Су Арнасы» ЖШС директорының орынбасары;

Ғалым Ибатуллаұлы Бекқалиев, 1977 ж.т., облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры;

Ляззат Тұяқбайқызы Рысбекова,1976 жылы туған, Орал гуманитарлық колледжінің қаржы директоры.

Жамбыл облысынан үш кандидат тіркелді:

Оксана Валерьевна Борисюк, 1979 ж.т., Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, өзін-өзі ұсынған;

Руслан Сүйерқұлұлы Көккөзов, 1972 ж.т., «Шу-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, өзін-өзі ұсынған;

Бекболат Серікбекұлы Орынбеков,1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Жамбыл облысы мәслихатының, Тараз қалалық мәслихатының, Талас, Сарысу аудандық мәслихатының сессиясында ұсынылған.

Қарағанды ​​облысынан үш үміткер тіркелді:

Андрей Васильевич Ляпунов,1969 ж.т., «Қарағанды ​​ЭнергоЦентр» ЖШС бас директоры, өзін-өзі ұсынған;

Игорь Валентинович Ахмеев,1961 жылы туған, «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ «Шахтинская» шахтасы, директор, өзін-өзі ұсынған;

Сергей Михайлович Ершов, 1960 жылы туған, Сенат депутаты, Жезқазған, Сәтпаев қалалық мәслихаттары, Абай аудандық мәслихаты сессияларында ұсынылды.

Қостанай облысынан төрт үміткер тіркелді:

Сергей Алексеевич Карплюк, 1968,  Қостанай облысы әкімінің орынбасары,  Денисов аудандық және Беиімбет Майлин аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды;

Павел Николаевич Коваль, 1968, «Рудный балалар үйі» ҚММ Директоры, өзін-өзі ұсынған;

Александр Юрьевич Коростылев, 1985, «Жас –Қанат» ЖШС даму жөніндегі директор, өзін-өзі ұсынған;

Әлімжан Бауыржанұлы Бекмағамбетов,1979, Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Іргелі зерттеулер институтының директоры, кафедра профессоры, өзін-өзі ұсынған.

Қызылорда облысынан өзін-өзі ұсынған төрт кандидат тіркелді:

Акмарал Шәріпбайқызы Алназарова, 1971 ж.т., «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Айдын Бөкенбайұлы Қайруллаев, 1981 ж.т., «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры;

Имамзада Қуанышбайұлы Шагиртаев, 1969 ж.т., «Tаң LTD» ЖШС директоры,

Мұрат Абайұлы Сарсенбаев,1970 жылы туған, «Абай» ЖШС бас директоры.

Маңғыстау облысынан үш кандидат тіркелді:

Сүйіндік Тасеменұлы Алдашев,1963 жылы туған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті, Қарақияң, Мұнайлы аудандық мәслихаттарының сессияларында ұсынылған;

Ербол Бердібайұлы Байжігіт, 1981 ж.т., «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры, өзін-өзі ұсынған;

Нұрлан Серікұлы Тілепов, 1978 ж.т., «Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығы» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынған.

Павлодар облысынан үш кандидат тіркелді:

Алтынбек Нұхұлы, 1962 жылы туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, Павлодар облыстық мәслихатының, Павлодар қалалық мәслихатының, Баянауыл аудандық мәслихатының сессияларында ұсынылған;

Гүлнара Шамарқызы Қайдарова, 1963 жылы туған, «Гофротара» зауытының директоры, өзін-өзі ұсынған;

Олег Павлович Крук, 1967 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, өзін-өзі ұсынған.

Солтүстік Қазақстан облысынан өзін-өзі ұсынған үш кандидат тіркелді:

Ольга Валентиновна Перепечина, 1967 жылы туған, Сенат депутаты;

Қабиден Қайырбекұлы Садуақасов, 1961 жылы туған, Ауыл шаруашылығы министрлігі Фитосанитарлық диагностика және болжамдау жөніндегі республикалық әдістемелік орталықтың жетекшісі;

Данголе Антонасовна Могунова,1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.

Түркістан облысынан өзін-өзі ұсынған үш кандидат тіркелді:

Әли Әбдікәрімұлы Бектаев, 1962 жылы туған, Сенат депутаты;

Өрісбай Бұқарұлы Көпеев,1959 жылы туған, Қазығұрт аудандық мәслихатының хатшысы;

Сиқымбай Уәлиханұлы Сағындықов,1960 жылы туған, жеке кәсіпкер.

Шығыс Қазақстан облысынан төрт үміткер тіркелген:

Ольга Александровна Булавкина, 1972 жылы туған, Бородулиха ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының, Өскемен қалалық мәслихатының, Бородулиха, Ұлан, Шемонаиха аудандық мәслихаттарының сессияларында ұсынылған;

Игорь Иванович Панченко, 1961 жылы туған, Риддер қалалық мәслихатының хатшысы, өзін-өзі ұсынған;

Юрий Александрович Старокожев, 1960 жылы туған, облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың бас дәрігері, өзін-өзі ұсынған;

Нұржан Сайлаубекұлы Жұмаділов, 1969 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» басқармасының бастығы, өзін-өзі ұсынған.

Жоғарыда аты аталған 58 үміткердің 17-сі 12 тамызда сенатор атанады.  Алдағы 6 жыл бойы бұлардың не тындырарын, қазаққа қандай пайдасы тиерін әлі ешкім білмейді. Әлі қолға алмаған қызметтеріне баға бере алмасақ та, үміткерлердің құрамына үңіліп, сенатқа кімдер бара жатқанына назар аударуға болады.

58 үміткер мамандықтары бойынша: 19 – инженер, 13 – экономист, 8 – педагог, 7 – аграрлық сала қызметкерлері, 5 – дәрігер, 3 – заңгер, 1 – саясаттанушы, 2 - басқалар.

Кандидаттар арасында 21 коммерциялық құрылымдардың қызметкері; 16 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері; 12 мемлекеттік қызметші, 5 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 4 Сенат депутаты бар.

Жас мөлшері бойынша: 30-40 жас 7 үміткер, 40-50 жас 17 үміткер, 50-60 жас 28 үміткер, 60-тан асқан 5 үміткер бар.

Бізді таңқалдырғаны, сенатор атанудан үмітті 58 адамның арасында бірде-бір мәдениет қайтаркері жоқ. Халықтың мұң-мұқтажын білетін, елдің арасында жүрген ақын-жазушылар, қаламгерлер қайда? Елге сөзі өтімді, халықтың қамын ойлайтын өнер адамдары қайда?

Мемлекеттік басқару ісіне экономистер мен заңгерлер бір табан жақын екені рас. Бірақ ел ісіне иеологиялық тұрғыдан үн қосатын мәдни сала өкілдері де сенатқа барса, одан жақсылық болмаса, жамандық көрмес едік. Сенатта ғана емес, мәслихатта да қаламгерлер мен халықшыл қайраткерлердің болғаны керек-ақ...

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383