Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2093 0 пікір 24 Шілде, 2020 сағат 15:37

«Маска тағыңыз». Ассамблея жастарының акциясы

Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі – Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған  Қазақстан халқы Ассамблеясы екенін білеміз. Елде індет өршіп, коронавирус пен пневмония індеті қос бүйірден қысқан осынау кезеңде Ассамблея өкілдері де елге сеп боларлық игі бастама көтеріпті.

Ассамблея өкілдері пневмония індеті өршіген соңғы айларда індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен медқызметкерлерге қолдау көрсетіп, 151 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі мен өкпені жасанды желдету аппараттарын алып берген.

Сондай-ақ, ҚХА еріктілері ауруханалар мен провизорлық орталықтардағы науқас азаматтарға тегін төсек жаймалары, жеке гигиеналық құралдар, медициналық заттар мен ыстық тамақ жеткізіп берген. Тіпті, ұйым белсенділеріның ұйымдастыруымен түйе, сиыр, бие және ешкі сүттерін, ағарған өнімдерді де тегін таратқан екен. Бұл туралы Ассамблеяның ресми сайтында хабарлады.

Ал ұйымныңның ерікті жастары медицина қызметкерлеріне тегін көліктік қызмет ұсынған. Бұлардан бөлек, ҚХА мүшелері медицина қызметкерлеріне, жедел-жәрдем көліктеріне 7 тонна жанармай құйып берген.

Осы тұста айта кетерлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлердегі этно-мәдени бірлестіктері де ел басына індет келген осы кезеңде белсенділік танытып, жергілікті ауруханаларға шетелден оттегі консентраттары мен медициналық жабдықтарды тарту еткен.

Ала келе жатқан Құрбай айт мерекесіне орай ҚХА мүшелері «Мың алғыс» акциясын қолға алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы Қазақстанның барлық өңірінде «Маска тағыңыз» акциясын өткізген.

Аталған шара барысында ҚХА ерікті жастары республиканың барлық қалаларында көшелер мен үй қабырғаларына «Маска тағыңыз! Денсаулығыңызды сақтаңыз!» деген жазбалар қалдырған. Қоғамдық орындарда гигиеналық тазалықтың маңыздылығын түсіндіріп, жеке қорғаныс заттарын пайдалануға шақырған.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы биыл наурыз айында президент Тоқаевтың пәрменімен, елде Төтенше жағдай жарияланған кезде «Біз біргеміз» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 376,5 миллион теңге қаржылай көмек көрсетіп, 515 мың медициналық бетпердені тегін таратқан.

Ал Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында шетін оқиға орын алып, қызылсу басқанда этнобірлестіктер 101,9 миллион теңгеге 335 тонна гуманитарлық көмек жіберген.

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясының авторы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 1992 жылғы Қазақстан халықтары форумында бастама көтеріліп, 1995 жылы оған консультативті кеңес мәртебесі берілген.

Қазіргі таңда елдегі этносаралық татулық пен тұрақтылықтың кепіліне айналған бұл ұйымның 9 өкілі Қазақстанның негізгі заң шығарушы органы - Мәжілісте депутат. 100-ден аса этностың басын біріктіріп отырған бірігей ұйымның 400-ге тарта мүшесі бар екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408