Израиль дәрігерлері Шығыс Қазақстанда 20-дан астам күрделі операция жасайды
Өскемен. 2 желтоқсан. ҚазТАГ - Израильдік дәрігерлер тұңғыш рет Шығыс Қазақстанға келіп 20-дан астам күрделі операция жасайды, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерлан Масалимов жұма күні мәлім етті.
«Желтоқсанның 1-7 аралығында Шығыс Қазақстанда Израильдік дәрігерлер - кардиологтар, нейрохирургтер, гинекологтар мен, перфузиолог жұмыс істейді. Олар облыстық медициналық бірлестік базасында 15 операция, қалалық бірінші ауруханада гинекологиядан үш және нейрохирургиядан үш операция жасайды», - деп баспасөз мәслихатында Е. Масалимов мәлім етті.
Оның айтуынша, операциялар израильдік мамандар өздерімен бірге әкелген эндоскопиялық жабдықтармен жасалады.
Бұл операциялардың барлығы да кепілденген медициналық көмек аясында тегін жасалады. «Израильдік медиктердің мұнда келуі әкімшілік пен жақында осы аймаққа келіп кеткен израильдік кәсіпкерлер арасында жасалған меморандум арқасында мүмкін болды», - деді
MVIMedicalCenter (Израиль) директоры Наталья Хэдват.
Сонымен қатар, Израильдік мамандар Өскемен және Семей дәрігерлері үшін мастер кластар өткібекші.