Бұл туралы Украина күштерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқ атуды доғары талабы 27 шілдеде түнгі сағат 12-де күшіне енеді. Украина, Ресей және ЕҚЫҮ өкілдері осындай келісімге отырды.
Ресей қолдайтын "ДНР" және "ЛНР" деп аталатын жікшілдер оқ атпау талабын орындауға дайын екенін мәлімдеді. "ДНР" қолбасшылығы қарудың кез келген түрін қолдануға тыйым салынғанын айтты.
Оқ атуды доғару - Минск келісімінде айтылған ережелерді орындаудың алғышарты. Донбасста бұған дейін бірнеше мәрте оқ атпау тәртібі орнаған, бірақ тараптар бұл шартты көп уақыт ұстап тұра алмай отыр.
Украинаның шығысындағы қарулы жанжал 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Жікшілдер Украинаның Луганск облысы мен Донецк аймағының бір бөлігін бақылауға алды. Украина мен Батыс елдері жікшілдерді қолдады деп Ресейге айып тақты, бірақ Мәскеу бұны жоққа шығарып отыр. Аймақтағы жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісімі 2015 жылы қабылданды, бірақ құжаттағы ережелердің көбі орындалмады.
Abai.kz