Сейсенбі, 19 Қазан 2021
Жаңалықтар 1997 0 пікір 3 Желтоқсан, 2011 сағат 20:59

Атыс Алматының іргесіне жетті...

«3-нші желтоқсан күні сағат 19.30 шамасында Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде аса ауыр қылмысқа күдікті бірнеше адамды ұстау кезінде атыс болған. Күдіктілер Боралдайдағы белгілі бір үйде қоршауда. Жақын маңдағы үйдің тұрғындары басқа жаққа әкетіліп, оқиға орнын күштік құрылымдар қоршап тұр. Қазіргі уақытта аталған аумақ толықтай полицейлер мен арнайы күштердің бақылауында», деп тенгринюьс ақпараттық сайты бас прокуратураның арнайы таратқан баспасөз мәлімдесіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.

Сондай-ақ, жоғарыдағы ақпараттық сайт Ресейлік «риа новости» ақпарат агенттігі жария еткен хабарға сүйене отырып, Боралдайдағы атыс кезінде ҰҚК «Арыстан» арнаулы жасағының екі қызметкері қаза болғанын айтады. Тенгринюьстің хабарлауынша, атыс бірнеше сағатқа созылған көрінеді.

Боралдайдағы төтенше оқиға әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Мысалы, Твиттер парақшасында «Results for #Боралдай» деген атпен арнайы бет ашылып, қолданушылар өздеріне мәлім ақпараттарымен және оқиғаға қатысты ойларымен бөлісіп жатыр.

(https://twitter.com/#!/search?q=%23%D0%91%D0%BE%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D0%B9 ) Твиттерге келіп түскен соңғы жазбаның дерегіне сенсек, атыс кезінде күштік құрылымдар жағынан екі адам қазаға ұшырап, бір адам жарақат алған. Ал, аса ауыр қылмысқа күдіктілер жағынан бес адам оққа ұшқан.

Естеріңізге сала кетейік, Тараздағы оқиға да сенбі күні болған еді. Оның ізі суымай жатып, міне, Боралдайда атыс бұрқ ете қалды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір