Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3144 0 пікір 4 Желтоқсан, 2011 сағат 07:26

Боралдайда террористік топтың қызметіне тосқауыл қойылды

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде болған оқиғаның егжей-тегжейін бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін жария етті.

Төменде ресми өкілдің ақпаратын толық беріп отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Кеше, 2011 жылдың 3-ші желтоқсанында Алматы облысы Іле ауданының Боралдай поселкесінде террористік топтың қызметіне тосқауыл қойылды.

Топ мүшелері 2011 жылдың 8 қарашасында екі полиция қызметкерін өлтіріп, Алматы қаласында жаңа зорлық-зомбылық әрекеттерін іске асыруды жоспарлаған.

Топ жетекшісі (Ағжан Хасен, 1977 ж.т.) 2011 жылдың 28 қазанынан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнің 233-2-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын.

Ағымдағы жылдың 3-ші желтоқсанында жедел-іздестіру шаралары барысында топтың көшбасшысы және бірқатар мүшелері Боралдай поселкесінде табылды.

Ұстауға әрекет жасаған кезде қылмыскерлер белсенді қарулы қарсылық көрсетті.

Арнайы операция барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» Қызметінің арнайы бөлімшесінің екі қызметкері жараланып, қаза тапты.

Қылмыскерлер аталған поселкенің Шпак көшесі, 43 мекен-жайындағы тұрғын үйде жасырынып, оларды ұлттық қауіпсіздік органдары және Алматы қаласы мен облысы ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелері қоршауға алды.

Тез арада, бекітілген тәртіп бойынша көршілес үйлердің жергілікті тұрғындары қауіпсіз аумаққа шығарылды, ауданды оқшаулау ұйымдастырылды, апаттық-құтқарушы және медициналық қызметтер тартылды.

Ерікті түрде берілуден бас тартқан соң және көрсетілген қарулы қарсылыққа жауап ретінде олардың жетекшісін қоса алғанда террористік топтың бес мүшесі жойылды.

Қылмыскерлер жасырынған үйден екі РГД-5 гранатасы, екі-екіден Калашников автоматы мен Макаров тапаншасы табылды.

Азаматтық тұрғындар арасында қаза болғандар мен жараланғандар жоқ.

Арнайы операция 2011 жылдың 3-ші желтоқсаны күні 23 сағат 50 минутта аяқталды.

Оқиға орнында жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнің 96 (адам өлтіру), 251 (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 237 (бандитизм) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Оқиға орнын мұқият тексеру және террористердің мәйіттерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысының құқық қорғау органдары қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді, жағдай толық бақылауда.

Тұрғындарға қауіп және мазасыздануға негіз жоқ.

Тергеудің нәтижелері және қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3321
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6040