Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3399 0 пікір 4 Желтоқсан, 2011 сағат 11:18

Жұлдыз Асқарқызы. Көзімнің ішіндегі күн

* * *

Сіз маған қарағанда
Құлағыма раушан гүлдер күбірлеп,
Жаңа оянған ұяңдық боп жаралам.
Жалғыз жаным жанарымда дірілдеп,
Қос кірпіктің арасына қамалам.

Сіз маған қарағанда
Қара жолда қайрылғандай қанатым
Қарашығыңызда қалқып барам қарасам.
Жыпылықтар жұлдыз таппай жанатын
Толқынды түн ай құшақтап адасам.

Сіз маған қарағанда
Шоқ түсіп,
Кірпігіңіз кірпігімді тұтатқан.
Ал деміңіз күйдіргенде от құшып,
Іші өртенген айға өзімді ұсатқам.

Кірпік қақсаң ғайып болып жалғаным,
Жапырақ боп жаным үзіліп түсердей.
Саусағыңыз тиіп кетсе...
Жаурадым,
Үгітіліп түсердей.

 

 

Вальс

* * *

Сіз маған қарағанда
Құлағыма раушан гүлдер күбірлеп,
Жаңа оянған ұяңдық боп жаралам.
Жалғыз жаным жанарымда дірілдеп,
Қос кірпіктің арасына қамалам.

Сіз маған қарағанда
Қара жолда қайрылғандай қанатым
Қарашығыңызда қалқып барам қарасам.
Жыпылықтар жұлдыз таппай жанатын
Толқынды түн ай құшақтап адасам.

Сіз маған қарағанда
Шоқ түсіп,
Кірпігіңіз кірпігімді тұтатқан.
Ал деміңіз күйдіргенде от құшып,
Іші өртенген айға өзімді ұсатқам.

Кірпік қақсаң ғайып болып жалғаным,
Жапырақ боп жаным үзіліп түсердей.
Саусағыңыз тиіп кетсе...
Жаурадым,
Үгітіліп түсердей.

 

 

Вальс

Бейкүнә гүлдердің жүзіне
Бұлттардың  жасы кеп тамғанда
Бұлбұлдар бұтақта үзіле
Беймезгіл әніне салғанда

Сүмбіле секілді жалтылдап,
Секемшіл көңілмен жабығып
Сөздерім санамда балбырап
Сіз мені билеуге шақырып

Тербелдім баладай құшақта
Жапырақ жанынан нәзік боп
Бар мейірімсіздігімді  тұзақтап,
Тек сізге өлердей ғашық боп

Білмедім өңім бе, түсім бе?
Мәз болдым мезеттік мүсінге...
Мен сізді ешқайда жібергім
Келмеді (тербелген үшін бе?)

Періште қанаты тиетін
Көкке де көтеріліп жетердей
Көгершін тек сізді сүйетін
Кеудемнен ұшып-ақ кетердей.

Домалап көзімде дүние
Қара жер құбылып сұлу-ақ
Мың рет тәубә айттым күніме
Жаралы жанарды жұмып ап.

Сіркіреп жаңбырым жауғанда
Мойнымда уақ тамшы жыбырлап
Жаным сен дедіңіз жалғанда
Құлағымның түбіне сыбырлап.

Еруге шақ қалып саусағым
Алақаныңызда ып-ыстық  жаныппын
Ұқпадым қанша ай, қанша жыл...
Ұйықтап қалыппын.

***

Қараңғы  түн.
Терезеге  ұмтылады көбелек
Көбелектен сұрамашы неге деп.
Мен де сенің шыр айналғам жаныңда
Ал сен мені елемедің не керек?!

Мен де саған ұмтылғанмын қанша рет
Жанарымда шырақ сен деп жанса деп,
Кірпігімнен үзілетін мың тамшы
Сенің ғана иығыңа тамса деп.

Мен де сені іздейтінмін көз ілмей,
Күн мен түннің алмасуын сезінбей.
Кірпіктерің арасында сәулеге
Малынғым кеп қарайтынмын өзімдей.

Шолпылары сыңғырлаған көктемде
Түн ән айтып, күй төгумен өткенде
Жәудіреген жанарымды жасырғам,
Аймен бірге билесін деп көк перде.

Бөлмем іші. Шырағым бар жанатын
Сен келер деп қырқыншы рет жағамын.
Тереземнің ар жағында көбелек,
Бер жағында сынып қалған қанатым.

* * *

Жүрегіме сыбырлап жүрегіңіз
Көзімнің ішінде де жүр едіңіз
Қасымда болсаңыз да сағынамын,
Қайтсем екен дауасын білемісіз?!

Қайтсем екен қызғаншақ сезімімді
Қай уақытта жоғалттым төзімімді
Сізге күн қараса да өкпелеймін,
Қайда ғана жасырсам өзіңізді.

Қайтсем екен кеудемнің сыздағанын,
Қымбаттым, ұнатқаным – сіз ғанасыз.
Көрсетпейтін әдемі жанарыңызды
Мен сізді кірпігіңізден де қызғанамын.

Бөлендірген әдемі күйге бізді
Өтінем, жүрегіңізге тимеңізші?!
Бұйырайын, бір-ақ сәт ұрыспаңыз,
Менен басқа ешкімді сүймеңізші!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352