Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3446 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:46

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерді өлтірген деп күдіктелген адамдар ұсталды

Бішкек. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерді өлтірген деп күдіктелген адамдар ұсталды, деп хабарлады ҚырТАГ агенттігі.

«3 желтоқсанда ІІМ ҚІББ қызметкерлерінің жүргізген арнайы оперативтік-іздестіру шараларының барысында Қазақстан азаматын өлтірген деп күдіктелген үш азаматты ұстады. Олар елдің әр түкпірінен келген азаматтар екені анықталды. Бұлар қазақстандық кәсіпкерді алдын ала таңдап алыпты. Себебі, күдіктілердің біреуінің айтуынша, онда көп қаражат болған», - деп Қырғызстан ІІМ қылмыстық іздестіру бас басқармасының (ҚІББ) бастығы Тілек Әлібаев дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Еске салсақ, 25 қарашада қазақстандық кәсіпкер, 1960 жылы туылған Нұрлан Кенжебековқа қарақшылық шабуыл жасалып, ол содан қайтыс болған. Кәсіпкер Қырғызстан астанасында үш жылдан бері саудамен айналысып жүрген.

Ведомствоның баспасөз қызметінен атап көрсеткендей, беттеріне маска киген 5-6 адам үйге кіріп, жергілікті «Дордой» базарында саудамен айналысып жүрген 1960 жылғы Қазақстан азаматы Р. Кенжебековты байлап тастап, соққыға жыққан. Қылмыскерлер сондай-ақ оның қасындағы 20 жасар туысы мен онымен бірге жасап жүрген 47 жасар әйелді де соққыға жыққан. Алған жарақат салдарынан Р. Кенжебеков қаза болды. Оның денесін туыстары алып кетті, қалған зардап шегушілер қазір ауруханада жатыр.

Қылмыскерлер қазақстандықтың үйінен 20 мың сом, $1500, алтын бұйымдар, ұялы телефондарды алып кеткен. Жалпы шығын мөлшерін тергеу анықтап жатыр. Факті бойынша ҚР ҚК 97 бабы - адам өлтіру, бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотмедициналық сараптама тағайындалып, оперативтік-тергеу тобы құрылды. 1$ = 46,71 сом.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352