Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:48

Астанадағы инновациялық жобалар көрмесіне жіберілген өтініштердің төрттен бір бөлігінен астамы Алматының үлесінде

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Астанадағы «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейін болашаққа көзқарас» инновациялық жобалар көрмесіне жіберілген өтініштердің төрттен бір бөлігінен астамы Алматының үлесінде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Инновациялық жобалар көрмесіне жіберілген 529 өтініштің 151-і Алматы қаласына тиесілі. Бұл келіп түскен өтініштің төрттен бір бөлігінен астамын құрайды, жалпы көрмеге қатысуға екі жарым ай бойы облыс орталықтарынан, Астана және Алматы қалалары мен «Самрұқ- Қазына» ӘҚ» АҚ-ынан түрлі өтініштер келіп түскен», - делінген Алматы әкімдігінің дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда Астанада «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейін болашаққа көзқарас» инновациялық жобалар көрмесі өтіп жатыр.

Мұның алдында хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 1 тамызында ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ы инновациялық жобаларға конкурс жариялаған болатын. Оның басты мақсаты - иновациялық құрылымдар мен кәсіпорындарды, коммерциялық отандық және шетелдік озық тәжірибелерді жинақтау мен оны өндіріске енгізу.

Өтініштер бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды, жалпы бұл көрмеге студенттер, жаңашылдар, ғалымдар, кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары және басқалар қатыса алады. Әр жобаға лайқты баға беру үшін экономиканың әр саласының білгір мамандары, сарашылар тартылып, олар белгілі дифференциялды критерийлер бойынша өз пікірлерін білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349