Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3541 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:53

«Азаттық» радиосы Қазақстанның балама тарихы туралы кітап басып шығарды

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. «Азаттық» радиосы «Қазақстанның жаңаша тарихы»кітабының тұсаукесерін өткізді, оған 2008-2011 жылдардағы радионың үздік очерктері мен репортаждары кірді.

«Кітапта жұмбақ жағдайда қаза тапқан белгілі саясаткерлердің, диссиденттердің және журналистердің саяси портреттері берілген. Басым назарды осыған аударғанымыз неге дейсіздер ме, өйткені бұл туралы айтып-жазғандықтан, бірақ уақыт өте оның бәрі ұмытылып қалады, ол адамдар отанымыздың тарихынан өз орнын таба алатынына күмәнданамын», - деді радионың комьюнити-менеджері Артур Нығметов дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«... біз материалдарымызда ол адамдардың қаза болу себептерін, олардың қолдарында өлімге алып келуі мүмкін қандай әшкерелеуші материалдар болғанын анықтап көруге тырыстық», - деді ол.

Сонымен бірге, кітапқа кеңестік кезеңде айтылмаған және отанымыздың тарихына енбеген «тыйым салынған» тақырыптар енді.

Бұл очерктер мен репортаждардың бәрі басында «Азаттық» радиосының веб-порталында жарияланып, оқырмандар аудиториясының үлкен қызығушылығын тудырды. Алайда бұл кітапты шығарудағы басты мақсат - ауыл халқына болған оқиғалар туралы объективті ақпарат жеткізу.

«Біздің кітаптар интернет шектеулі, адамдар шынайылықтан қашық немесе отандық мемлекеттік арналарға әбден сеніп алған аймақтарға, шалғай елді мекендерге жіберіледі. Осы себепті біз бұл кітапта белгілі бір оқиғаларға ерекше көзқарас, оқиғаларға объективизмге жақынырақ қарайтын журналистердің көзқарасы бар екенін жеткізуге тырыстық», - деді А. Нығметов, ол басты міндет «халықтың азаматтық санасын ояту үшін оларға объективті дұрыс ақпарат жеткізу болғанын айтты.

Авторлардың айтуынша, бұл «Азаттық» радиосының осындай алғашқы жобасы емес. Өткен жылы радио 2010 жылғы үздік блоггерлердің блогтары жинақталған «Блогистан» жинағын басып шығарды.

80 авторлық мақала кірген «Қазақстанның жаңаша тарихы» орыс және қазақ тілдерінде жарық көрді, ол барлық облыстық және аймақтық кітапханаларға таратылады. Кітап радионың сайтында да интернет пайдаланушылар үшін ашық болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347