Сейсенбі, 19 Қазан 2021
Жаңалықтар 2032 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 05:30

Алмас Ахметбекұлы. Жәмиға қыздың жүлдесі

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған халықаралық аламан ақындар айтысы 3 күнге жалғасып, кеше ғана мәреге жетті. Қазақтың дәстүрлі ақындар айтысына жүйріктігі және тапқырлығы мен таланты  үшін бас бәйгені Шыңжаңнан келген Жәмиға қыз еншіледі. Шыңжаң демекші, Қытайдағы қазақтар бір сәтте он мың домбыра ұстап, алаңға шыққан ауыл ғой. Бұл жол да дәстүрге беріктігін, қазақ тілінің теңдессіз көркемдігін көрсете білді.  Қытайдағы қазақтар соңғы жылдары жоғары оқу орындарының әдебиет факультеттерінде «ақындар айтысы» мамандығын ашып, арғысы Әсет- Ырысжан, бер жағы Құрманбек-Жамалқан болып келетін дәстүрлі айтыс тарландарының мектебін жалғастырып еді. Бүгінде күллі қазақтың ұлы тойында талантты ақындарын талғам биігіне шығара білді. Шыңжаң қазақтарының бас бәйгесі бұл ғана емес. Тәуелсіздіктің 10 жылдығында да 150 жазушымен топқа түскен Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» романымен бас бәйгені басына көтерген болатын. Алыстағы ағайын ұлттың ұлы құндылықтарын құнтап, сары алтындай сақтағанмен де салауатты. Бәйгең құтты болсын, Жәмиға!

«Абай-ақпарат»

0 пікір