Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3169 8 пікір 3 Тамыз, 2020 сағат 11:49

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

2 тамыз күні таңертең ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеген. 

Аталған министрліктің хабарлауынша, Әбішев бюджет қаржысын жымқыру фактісімен ұсталған.

«Қаржы министрінің қаржылық мониторинг бойынша комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері тарапынан денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбшевтің бюджет ақшасын жымқыру фактісі бойынша ұсталғанын растайды», – деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі.

Онда сотқа дейінгі тергеу ісі мемлекеттік құпияға жататын болғандықтан жарияланбайтыны айтылған.

Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол денсаулық сақтау министрлігінің сандық жүйеге өту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты болған.

Осыған дейін Коррупцияға қарсы қызметтің басшысы Әлік Шпекбаев "сандық жүйеге өту бойынша" екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Бірақ аты-жөндерін атамаған.

Ал, 10 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде коронавирустың кең таралуына жол бергені үшін барлық әкім мен министрлерге сөгіс жариялайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Президент сол кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жетекшісі мен "СҚ-Фармации" басшысын қызметінен алуды тапсырған.

Одан соң, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қор қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуге алынды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516