Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2580 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 10:15

Кереку-Баянауыл өңiрiндегi Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан - 25

Павлодар облыстық мем­лекеттiк мұрағатында Желтоқсан көтерiлiсiне байланыс­ты құжаттар тым аз. 1986 жылдың желтоқсан айында облыс­тағы хал-ахуалды ай­қын сипаттай алмайды. 24 желтоқсанда өткiзiлген облыстық партия комитетi бюросында "Қазақстан компар­тия­сы ОК-нiң 1986 жылдың 19 желтоқсанында "Алматы қаласындағы жағдайға байланысты шаралар жөнiндегi" қаулысын жүзеге асыру шаралары" бекiтiлген. Он бес тармақтан тұратын шарада әлеуеттi құрылымдардан бастап, бiлiм беру жүйесiне дейiнгi меке­мелердiң мiндеттерi мен жұмыс жоспарлары белгiлен­ген.

Павлодар облыстық пар­тия комитетi және мемле­кеттiк органдар Желтоқсан көтерiлiсi басталысымен-ақ республикадан түрлi арналар арқылы түскен нұсқаулар мен бұйрықтарды ешбiр құжаттамаға тiркемей-ақ, қолма-қол жүзеге асыра бастағаны күмән тудырмайды. Мәселен, сол күндерi МҚК (КГБ), IIБ, партия органдарының жауапты қызметкерлерi түнгi уақытта да кабинеттерiнде қалып, тосын оқиғаларды болдырмай тастауға әзiр отырған. Еңбекпен түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмше­лерде митингтi күшпен басуға бағытталған дайындық шаралары жүргiзiлген. Жұрт­шылық қоғамдық орындарда топтасып наразылық акциясын өткiзуге жиналса, солдат күрегiнiң қырымен емес, жалпағымен ұрып тарқату жө­нiнде сарбаздарға ауызша нұсқау берiлген.

Желтоқсан - 25

Павлодар облыстық мем­лекеттiк мұрағатында Желтоқсан көтерiлiсiне байланыс­ты құжаттар тым аз. 1986 жылдың желтоқсан айында облыс­тағы хал-ахуалды ай­қын сипаттай алмайды. 24 желтоқсанда өткiзiлген облыстық партия комитетi бюросында "Қазақстан компар­тия­сы ОК-нiң 1986 жылдың 19 желтоқсанында "Алматы қаласындағы жағдайға байланысты шаралар жөнiндегi" қаулысын жүзеге асыру шаралары" бекiтiлген. Он бес тармақтан тұратын шарада әлеуеттi құрылымдардан бастап, бiлiм беру жүйесiне дейiнгi меке­мелердiң мiндеттерi мен жұмыс жоспарлары белгiлен­ген.

Павлодар облыстық пар­тия комитетi және мемле­кеттiк органдар Желтоқсан көтерiлiсi басталысымен-ақ республикадан түрлi арналар арқылы түскен нұсқаулар мен бұйрықтарды ешбiр құжаттамаға тiркемей-ақ, қолма-қол жүзеге асыра бастағаны күмән тудырмайды. Мәселен, сол күндерi МҚК (КГБ), IIБ, партия органдарының жауапты қызметкерлерi түнгi уақытта да кабинеттерiнде қалып, тосын оқиғаларды болдырмай тастауға әзiр отырған. Еңбекпен түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмше­лерде митингтi күшпен басуға бағытталған дайындық шаралары жүргiзiлген. Жұрт­шылық қоғамдық орындарда топтасып наразылық акциясын өткiзуге жиналса, солдат күрегiнiң қырымен емес, жалпағымен ұрып тарқату жө­нiнде сарбаздарға ауызша нұсқау берiлген.

Шындығында, Кереку жұрт­­шылығы 17 желтоқсан күнi атышулы 5-пленумның соңы Алматыда қандай да бiр төтенше оқиғаға соқтырғанын сездi. Көкiрегi ояу азаматтар орталық алаңның обкомға қарама-қарсы жағында милиция мәшинесi текке тұрмағанын бiрден аңғарды. Кешке қарай қоғамдық орындарда, көшелерде милиция қызмет­керлерiнiң саны көбейiп, iс-әрекетiнiң белсендiлiгi арта түскенi анық байқалды. Алматымен телефон байланысы үзiлдi. Кеңестiк БАҚ үнсiз    қа­л­ып, шетелдiк "Азаттық" радиостанциясы ғана сөй­ледi.

Келесi күнi қаланың орталық алаңы және оған таяу көшелерде IIБ қызметкерлерi мен еуропалық ұлттар өкiл­дерiнен құралған жасақшы топтары пайда болды. Тәртiп сақшылары қасақана заң бұзушылыққа барды. Саны бiр-екеуден асқан қазақ жас­тарын еш себепсiз тоқтатып, кейiн қайтарды. Бұлайша азаматтардың ұлттық белгi­лерiне қарап қоғамдық орындарда жүрiп-тұруына тыйым салу я шектеу халықаралық және кеңестiк заңдардың шеңберiне сыймайтын.

Сол күндерi "Совхоз-техникум Павлодар" автобус бағдары алынып тасталды. Себебi зоотехниктер мен веттехниктердi даярлайтын "Зоовет" техникумы студент­терiнiң барлығы дерлiк қазақ жастары болатын. Алматыдағы желтоқсаншыларға үн қосу мақсатында, қалаға қарай жаяу шыққан студенттер тобын милиция қызмет­керлерi орта жолдан күш қолданып кейiн қайтарды. Орталық алаңға шығуға бел буған Павлодар есептеу-экономикалық техникумының студент­терiн милиция жасақтары автовокзал жанында қоршауға алып, жатақханаларына ерiк­сiз апарған және би кешiн өткiзуге мәжбүр еткен. Олар­ға тәртiп сақшыларының қадағалауымен ғана асханаға топталып барып, келуге рұқсат берген. Монтаждау техникумында да осыған ұқсас жағдай болған.

Тiптi орта мектептiң жоғары сынып оқушыларының да жүрiс-тұрысы қатаң бақылауға алынды. Мәселен, Абай атындағы №10 қазақ орта мектебiнiң (қазiргi Абай атындағы мектеп-лицей) әкiмшiлiгi сабаққа келмей қалған шәкiрт­­тердiң үйлерiне сынып жетекшiлерiн жiберген. Тiптi мектеп директоры киiм iлетiн орынды құлыптап, ешкiмге сенбей кiлтiн өзi ұстаған. Белгiсiз бiреулер оқушыларды алаңға шығуға үндейтiн парақшалар тастап кетедi деген қауiппен мектептi түнi бойы қарауылдауға күзетшi мен бiр мұғалiм қалдырылған. Ал жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жатақханаларында МҚК-нiң өкiл­дерi мен IIБ қызметкерлерi тобы күнi-түнi кезекшiлiкке қойылған. Әуежайда, Алматыға ұшатын ұлты қазақ жолау­шылардың әуебилеттерi күнi бұрын алынғанына қарамастан, олардан сапарларының мақсаты жөнiнде сұрап, тексеру жүргiздi.

Жергiлiктi үкiмет пен партия органдары жастарды орталық алаңға шығармаудың "бейбiт" тәсiлiн де ойлап тауып, әккiлiкпен жүзеге асыра бiлдi. Арақ-шарап дүкендерi­не алкогольдi iшiмдiктер үстi-үстiне тасылып жеткiзiл­дi. Әдетте, бiр-екi сағат iшiнде таусылып қалатын арақ-шарап өнiмдерiнiң тап осындай молшылығын павлодарлықтар М.Горбачевтiң "құрғақ" заңы шыққан 1985 жылдың 1 маусымынан бастап көрген жоқ едi. Әуелде алаңға шығуды мақсат еткен жастардың бiр­сыпырасы Дзержинский және Толстой көшелерiнiң қиылысындағы арақ-шарап дүкенiне жiпсiз байланды...

Тек ұлтшыл жұмысшылар мен студенттерден құралған жастардың шағын топтары милиция мен жасақшылар тос­қауылдарынан жеке-жеке бөлiнiп өтiп, орталық алаңның жанындағы, Дзержинский көшесiнде орналасқан ЦУМ-ға жиылды. Бiрақ саны тым аз едi. Алаңға шыға алмады.

Кереку-Баянауыл өңiрi жұртшылығы арасында атышулы 5-пленум шешiмiне наразылық бiлдiруге деген талпыныс келесi 1987 жылдың бас кезiне дейiн оқтын-оқтын бой көрсетiп тұрды. Мұндай толқулар ауылдық аудандардың орталықтарында да көрiнiс бердi.

Желтоқсаншыларға үн қосуға әрекеттенген жастар­ға жергiлiктi билiк тарапынан қоқан-лоққы көрсетiлсе де, жазалау шаралары қолданылмады. Себебi ондай шаралар "5-пленумның ше­шiмiне тек Алматы қаласында, базбұзарлар, нашақорлар мен маскүнемдер тобы ғана наразылық бiлдiрдi" дегенге саятын Қазақстан компартиясы ОК-нiң ресми мәлiмдеме­сiн жоққа шығаратын едi.

Желтоқсан көтерiлiсi жетекшiлерiнiң бiрi Қасен Қожа-Ахмет кесiмдi мерзi­мiнiң бiраз бөлiгiн Павлодар қаласындағы еңбекпен түзеу лагерьлерiнiң бiрiнде өтедi. Шартты түрде бас бостандығынан айырылған желтоқсаншы жастардың бiр тобы Екiбастұз қаласының түбiн­дегi Солнечный кентiнде қара жұмыс iстеуге мәжбүр етiлдi. Бас бостандығынан айырыл­ған желтоқсаншылар: Құр­ман­ғазы Айтмұрзаев пен Бақтыбек Иманқожаев кейiннен өнер жолымен Павлодарға келiп, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негiзiн қалауға атсалысты.

Жерлестерiмiз Алматыдағы жоғары оқу орындарының сол кездегi студенттерi, кейiннен филология ғылымдарының кандидаттары ғылыми атағына ие болған Айман Зейнуллина, Сәуле Жақаева түрлi жазалау шараларын бастан өткердi. Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аспирантурасында оқыған Құрманжан Ыбыраевтың Желтоқсан көтерiлiсi кезiн­дегi жұмбақ қазасының сыры ашылмай қалды. Құрманжанның қазасынан кейiн дүниеге келген қызы Сарқытжан өз анасы Сәуленiң қамқорлығын көргенi болмаса, әкесiз өстi. Үкiмет оның өзi мен анасын "желтоқсаншы боздақтың жетiмi мен жесiрi" ретiнде таныған жоқ.

Қалай десек те, Тәуелсiз­дiк­ке демократиялық жолмен жетудi көздеген бұл бас көтерудiң соңы қасiреттi аяқталды. Алматының орталық алаңындағы ақ қар, көк мұз үстiне төгiлген қызыл қан Қазақстан тарихы беттерiн­де, дәлiрек айтқанда қазақтың ұлттық санасында астамшыл Кремль әмiршiлдiгiнiң соңына қойылған қанды нүкте тәрiздi болып қалды! Алматыдағы Желтоқсан көтерiлiсi КСРО-ның өзге республикаларының астанасы: Тибилисиде, Бакуде, Вильнюсте жал­ғасын тапты. Көп ұзамай, 1989-91 жылдары дүниеге келген "Невада-Семей", «Аз­ат» қозғалыстары, "Қазақ тiлi" қоғамы Мәскеудiң әскери, саяси өктемдiгiне қарсы ашық күреске шықты. Ақыры ұлттық бас көтерулердiң соңы қызыл империя астанасы Мәскеуде 1991 жылдың тамыз айында компартия жеке-дара үстемдiк еткен тоталитарлық жүйеге қарсы демократиялық күштердiң бас көтеруiне ұлас­ты.

 

Ұлардай шулап Алатауымның бөктерi,

Ұлыды ұлы құзартта тұрып көк бөрi!

Тәуелсiздiктiң қасапханасы тәрiздi

Қанжоса болды Қазақстанның қақ төрi!

 

Тарихтың тайғақ кешулерi келiп құйылған,

Көк мұздақ алаң алай да дүлей "Құйыннан"!

Құрбандық қылып бозқасқа емес, боздақты,

Бейбақ жұрт боздап тұр ендi Хаққа сыйынған.

 

Бұрымнан сүйреп, құрсақтан бiреу тепкiлеп,

Қыршын қыз кеттi "Ел аман болсын!" деп тiлеп.

Керзi етiктердiң өкшелерiнде езiлiп,

Көк мұздақ төзiм сықырлап сынып жатты кеп!

 

Жарадар жүрек жұлқынбай сонда тынар ма?

Жанарлар жалын ыршытты сұрғылт мұнарға!

Алаңнан "Менiң Қазақстаным" әуелеп,

"Елiм-ай" әнi егiлдi абақтыларда.

 

Санамнан қызыл түнектi бiрден көшiрген,

Ақ бұрқақ күндер кетер ме ендi есiмнен?!

Желтоқсандағы алаңға қаны шашырап,

Кiндiгi ұрпақ рухының сонда кесiлген!

 

Арман ҚАНИ, ақын, журналист,

Павлодар облыстық "Ұлт тағдыры"  пiкiрсайыс клубының жетекшiсi.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377