Былтыр Трамптың негізгі табысы Майами демалыс орнындағы Мар-а-Лаго (Флорида штаты) резиденциясы мен Вашингтондағы Trump International қонақ үйі болған. Ақ үй басшысы сонымен бірге киноактёрлер бірлестігінен және "Келісім түзу өнері" кітабынан пайда тапқан.
Биыл шілде айының басында АҚШ Жоғарғы соты Нью-Йорктағы прокурорларға Трамптың соңғы тоғыз жылдағы декларациясын жариялау туралы қаулы шығарған. Бірақ бұл ақпарат Конгресске жіберілмейді.
Бұдан бөлек Конгресстің үш комитеті Трампты сотқа берген. Олар президенттен қаржылық ақпаратты жария етуді талап еткен. Бірақ Жоғарғы сот олардың талабын қанағаттандырмады. Бұл қараша айында өтетін АҚШ-тағы президент сайлауына дейін Конгресс Трамптың салық декларациясымен таныса алмайды деген сөз.
2015 жылдың маусым айында президент сайлауына түсер алдында Трамп табысы 8 млрд 800 млн доллар екенін мәлімдеген. Бірақ Forbes оның табысын екі асе аз етіп көрсеткен.
2020 жылдың сәуір айында Forbes президенттің табысын 2 млрд 1 млн долларға бағалаған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда бір млрд долларға аз.