Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2625 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 15:03

Қазақстандық азаматты Ыстықөлде өлтірген қырғызстандықтар сотталды

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Ыстықкөл шипажайында қазақстандық азаматты өлтірген қырғызстандық азаматтар сотталды, деп ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 23 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Чолпон-Атада Балмахаев Ерланның өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот қорытындысында Бішкектің 1991 жылғы туылған Қайрат Нұрланович деген азаматы 16 жылға сотталды. Сот сондай-ақ Ыстықкөл ауданының Қараой ауылының тұрғыны, 1991 жылғы Кубат Муратович деген азаматты 5 жылға шартты түрде соттады. Сондай-ақ Тлек Талапбекович деген азамат 3 жылға шартты түрде сотталды. Тағы бір 1996 жылы туылған Наурызбек Нурбековичдеген азамат ақталып, соттан босатылды», - деді ол сейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, қаза болғанның адвокаттары мен туыстары үкімге көңілдері толмапты. Олар Қырғызстан азаматтары қатаң жазалануы тиіс деп есептейді.

«Сот шешімін 7 желтоқсанда Чолпон-Атадағы қалалық сот қайта қарамақшы», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 7 тамыз күні түнде Ыстықкөл облысында орналасқан «Рохат» пансионатында белгісіздер ұрлық мақсатымен Қазақстан азаматына шабуыл жасады. Одан соң зардап шеккен азамат ауыр жарақатымен Чолпон-Ата ауруханасына жеткізілді. 14 тамызда Е. Балмахаев есіне келмей көз жұмды.

17 тамызда Бішкекте қазақстандық туристі тонаған үш күдікті қолға түсті. Олар Бішкектің 20 жасар азаматы мен Ыстықкөл ауданының екі азаматы болып шықты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377