Сейсенбі, 18 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 1794 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 15:19

Қазақстан сапасыз оқу орындарын жабуды жалғастыруда – Білім министірі

Қазақстан сапасыз оқу орындарын жабуды жалғастыруда, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов үкімет отырысында.

Таныстырылған «Жол картасына» сәйкес, үш жыл ішінде жоғарғы білім алу жүйесінде дайындау сапасына жаңа талаптар қою базасында жоғары оқу орындар желілерін оңтайландыру жүргізіледі.

2011 жылдың соңына дейін 8 жоғары оқу орны, 2012 жылы 22 жоғары оқу орны, 2013 жылы 30 жоғары оқу орны мемлекеттік аттестациялаудан өтеді. 2011 жылдың соңына дейін 17 жоғары оқу орны, 2012 жылы 50 жоғары оқу орны, 2013 жылы 45 жоғары оқу орны  білім беру және білім беру қызметін лицензиялаудың ережелері туралы ҚР заңнамасын орындалуына тексеруден өтеді. Осы және басқа да шаралар оңтайландыруды жүргізуге мүмкіндік береді.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстан әлемдік жоғарғы білім беру массификациясының қарқынынан айтарлықтай озып барады. Мысалға, 10 мың жан басына шаққанда Қазақстанда 377 студенттен, Чехияда - 147 студенттен, Жапонияда 222 студенттен, Ұлыбританияда 272 студенттен келеді.

Сондай-ақ әлем бойынша жылына 6 пайызға жуық қарқынмен жоғары білімді кадрларды даярлаудың тұрақты дамуы байқалатынын атап өту керек. Инновациялық экономикасы бар дамыған елдер үшін бұл қарқын еңбек нарығының сұранысына сай келеді. Алайда, әлемдік сарапшылардың мәліметтері  бойынша, инновациясы қалыптасу сатысында тұрған елдер үшін жоғары білім берудің көбейюі кері әсерін тигізеді. Осы сатыда Қазақстандағы студенттер саны аса артып кеткен деп бағалануда. 10 жыл ішінде (1997-2007) студенттер саны 170 пайызға (2,7 есеге) артқан.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақстандық студенттер санының тең жартысына жуығы (46 пайызы) сырттай білім алу бөлімінде оқиды. Сонымен қатар олардың арасында техникалық және кәсіптік білім беру базасында оқитын студенттердің саны үлкен басымдықпен (60 пайыз) алда келеді және орта білім алу базасында айтарлықтай үлес бар. Екінші жоғарғы білім алушылардың саны әзірге аз (18 пайыз). Қорытындысыда жоғары білімі бар кадрлар саны күрт өсуде (жыл сайынғы ағым 58 пайыз).

Бұлармен қатар, «Жол картасы» бағдарламасы дайындалатын кадрлардың білім сапасын арттыру үшін кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің түлектеріне жоғары оқу орнына түсу кезінде міндетті орталықтандырылған тестілеуден өту, Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша жоғары оқу орнына тапсыру ұпайын 50 ұпайдан 60 ұпайға дейін (ұлттық университеттер үшін 70 ұпайға дейін) көбейту сияқты ЖОО-ларда сырттай білім алушылардың сапасын қысқару жөніндегі шараларды көздейді. Сондай-ақ сырттай білім ашулыр санына жоғары білім базасында білім беруден басқа күндізгі бөлімде білім алатын студенттердің санынан пайзыдық көрсеткішпен лимит енгізу ұсынылады.

АСТАНА, 7 жел - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір