Сырым Дат. Қазақ мифологиясының күн сәулелі қаһарманы
Ел егемендігінің 20 жылдығы қарсаңында белгілі әфсанатанушы Серікбол Қоңдыбайдың «Арғы қазақ мифологиясы» атты 4 томдық еңбегі мен «Гиперборея: түс көрген заман шежірелері» кітабының орыс тіліндегі нұсқасы басылып шығып, таныстырылымы өтті.
«Күн сәулелі қаһарман», «Аққан жұлдыз», «Аңыз құсы», «Һас батыр», «Әлемдік феномен» ретінде танылған Серікбол Әділбекұлы Қондыбайдың (1968-2004), аңыздың шындық екендігін дәлелдеу бала жастан аңсары болатын. Осы мұратына тынымсыз ұмтылған Серікбол өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасымен айналыса жүрiп, бiлiмнің сан-алуан күрделi салалары: тарих, фольклор, мифогеография, лингвистика, археология, этногенетика, этнография, мифология тоғыстарындағы күллі адамзатқа ортақ мәдени-танымдық мәселелерде әмбебап зерттеушi, тың талдаулар жасаушы ғалым деңгейiне жеттi.
Мүгедек халде тоғыз жыл төсекте таңылып жатқан ол көлемі жағынан 15 томнан асатын тың ғылыми еңбекті халқына жазып қалдырған. Оның 4 томдығы Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың тікелей кірісуімен «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында шықса, 15 томдығы «Арыс» баспасында басылды. 36 жыл ғұмырының тоғыз жылында екпеттеп жазған мол мұрасын мифтанушылардың ризашылықпен рухани қорек етіп жүргендері жеткілікті.

Серікбол жазған он бес том түркі әлеміндегі мифтану саласындағы баға жетпес мұраға айналды. Белгілі жазушы, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың «Серікбол Қондыбай бір өзі бір институттың жұмысын атқарды» деп бар қазақтың атынан берген бағасы бар.
ХХ ғасырдың Шоқаны бола алған Серікболдың қазақтілді оқырмандары мен зерттеушілері қалыптасып қалды. Алайда, оны орыстілді оқырман хабарсыз деуге болады. Енді міне, Алла бұйыртып, белгілі философ, Otuken.kz қазақ мәдениеті мен мифология сайтының бас редакторы Зира Наурызбаеваның тәржімәсімен Серікбол мұрасы орыстілді оқырманға бет алды. Одан әрі оның әлемдік аренаға жолы түскелі тұр. Серікбол Қоңдыбай еңбектерінің орысша нұсқасының таныстырылымын Астана қаласындағы Гумилев атындағы университетте әдеби-журналистік «Симург» клубының жетекшісі Әсима Ишанова ұйымдастырды.
Иншалла, әлемге тартқан жолың оңды болсын, Серікбол!
«Абай-ақпарат»