Сенбі, 23 Қараша 2024
3407 4 пікір 4 Тамыз, 2020 сағат 15:30

Шеру өткізген «десантшылар» кешірім сұрады

2-тамыз күні Павлодарда шеруге шыққан КСРО әуе десанттары қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы kazlenta.kz жазған. 

Сайт мәліметінше, бұрынғы десантшылар Павлодар тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін, жолдарда төтенше жағдай тудырып, карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұраған.

Жолдағы төтенше жағдайды жасаған 22 қатысушы анықталып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргендер ҚР ӘҚБтК-нің 614 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. (10 АЕК айыппұл).

Сондай-ақ, 16 адамға қатысты, карантиндік режимді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы - (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бабы бойынша іс қаралып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберілген.

Сонымен қатар, 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 602-бабының 1-бөлігі - көлік құралдарының жүргізушілері күндізгі уақытта және (немесе) дыбыстық сигналдарда сыртқы жарық құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Айта кетейік, күні кеше Abai.kz сайтында бұл мәселеге қатысты «Кеңес десанттары кімге қыр көрсетпек?» атты мақала жарияланған болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357