Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 2749 0 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 11:50

Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бейрутта болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді.

«Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше жойқын жарылыс болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпаратты алғаннан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің парақшасында жарияланған Мұхтар Тілеубердінің түсініктемесінде.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр.

«Дипломаттарымыз олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де жарылыстың зияны тиген болатын. Ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар. Оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір оларды ротациялау процесі жүріп жатыр және күні кеше ғана қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін орындарына аман-есен жетті», - деді министр.

Айта кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келген.

5 тамыз күні жарылыстың себебі анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталады) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057