Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3993 1 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 14:24

Ресет неден басталады?

Карантин шараларын жеңілдету салдарынан АҚШ-тың кейбір штаттарында коронавирусқа шалдыққандардың саны артып келеді. Мұндай жағдай беделді ғалымдардың кеңесін елемеген федералды үкіметтің сапасыз шешімдерінің нәтижесінде болып отыр. Пандемия басталғалы Трамп мың құбылып, сан түрлі жалған ақпарат айтты. Коммуникация мамандары Трамп әкімшілігі месседж тарату дисциплинасының барлық ережелерін бұзып, бейтарап, объектив ақпарат бермей, халықты позитив жаңалық тарату ұстанымымен әбден шатастырғанын айтып жатыр.

Ақ үйдің пандемия бойынша кеңесшісі Дебра Брикс осы күнге дейін федералды үкіметтің өтірігін ғылыми тілмен айтып келді. Өзінің ғалым ретіндегі беделін пайдаланып, Трамптың позитив жаңалық тарату ұстанымының рупоры болды. Бір қызығы, доктор Брикс кеше басқаша сөйледі. Ол тікелей болмаса да, CNN-ге берген сұқбатында эвфемизмдермен Трамп әкімшілігінің коронавируспен күресте қателескенін мойындады. Мұндай сатқындыққа шыдай алмаған Трамп өзінің Твиттерінде доктор Бриксті “бейшара” (pathetic) деп атады.

Доктор Брикс мұндай қадамға саяси, ғылыми ортаның қысымынан кейін барған сияқты. Себебі, ушығып бара жатқан жағайды реттеу үшін соңғы күндері саясаткерлер мен ғалымдар коронавируспен күрес түбегейлі жаңа тәсілдерді, қайта жүктеуді (reset - ары қарай ресет) қажет ететінін жанайқаймен талап етіп жүр. Ресетке Нью-Йорк штатының губернаторы Куомо да үн қосты. Оның айтуынша, ресет Трамптың Америка халқына шындықты айтуынан басталуы керек. Доктор Брикс те ет пен сүйектен жаралған, оның да араласатын адамдары бар, ол да ойларымен жалғыз қалғанда өз сөздері мен істерінен ұялғысы келмейді деп ойлаймын. Сол себепті доктор шындықты бүркемелеп болса да айта бастаған сыңайлы.

Біздің билікке де ресет ауадай қажет. Халықтың билік институттарына деген сетінеген сенімін қалпына келтіру үшін ресет қажет. Үміті үзілген халыққа сенім беру үшін ресет қажет. Біздегі ресет те президенттің шындықты айтуынан, жауапкершілік алуынан басталуы қажет. Ел басшысы ретінде Тоқаев жіберілген қателерге жауапты екенін мойындап, бар кінәні министрлер мен әкімдерге, қарапайым халыққа ысыра салуын тоқтатуы қажет. “Take the blame, share the credit”* деген көшбасшылықтың қарапайым қағидасын ұстанғаннан басшы абыройынан айырылып қалмайды.

*қатені мойында (тіпті сенің қатең болмаса да), жетістікті бөліс

Нұрбек Матжанидың жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357