Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2503 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 04:18

«Нұр Отан» барлық партияларды әділ сайлау өткізу туралы меморандумға қосылуға шақырады

Бүгін ОСК-да комиссия отырысы болып өтті, отырыс барысында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының өкілдеріне партиялық тізімді бекіту туралы қаулы тапсырылды. 127 адамды қамтитын тізім сайлау комиссиясымен бірінші болып тіркелді.

Тіркеу туралы қаулыны алған партия Төрағасының Бірінші орынбасары, Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Бүгін, сәрсенбі күні - сәтті күнде, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы бірінші болып, Орталық сайлау комиссияда ресми тіркеуден өтті. Біздің партиялық тізімге кірген барлық 127 үміткеріміз заңға сәйкес, тексеруден өтті. Енді, 16-шы желтоқсаннан бастап, біз барлық қала мен аудандарда, барлық аймақтарда өзіміздің насихат жұмыстарымызды бастайтын боламыз», - деп айтып өтті.

Сондай-ақ бүгін Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасағанын айтты.

Нұротандықтардың ойынша, алдағы сайлау науқаны біздің еліміздегі демократиялық құндылықтарды, заңдылықты, ойын білдірудегі еріктілік, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын көрсету алаңына айналуы тиіс. Сондықтан олар сайлау процесінің барлық қатысушыларын саяси төзімділік пен өзара сыйластық принциптерін сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Конституциясы мен сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізуге шақырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407