Сенбі, 23 Қараша 2024
2243 0 пікір 7 Тамыз, 2020 сағат 14:23

Қырғыз-тәжік шекарасында екінші рет оқ атылды

6 тамыз күні кешкі сағат 19:30 шамасында Баткен ауданының Көк-Таш ауылы шетіндегі Жака-Өрүк учаскесінде егін суғарып жүрген қырғызстандық азаматқа белгісіз тараптан оқ атылған. Ол жараланған.

Бұл туралы Азаттыққа Баткен аудандық әкімшілігі хабарлаған.

Оның айтуынша, оқ жергілікті тұрғынның екі жеріне - желкесіне және жамбасына тиген. Ол ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташадан ауыр деп бағаланып отыр.

Мемлекеттік шекара қызметі бұл оқиға тексеріліп жатқанын, бақылауда екенін, қосымша мәлімет беретінін хабарлады.

Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында 6 тамыз күні таңертең оқ атылғаны тіркелген. Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі Баткен ауданына қарасты Эки-Таш деген жерде тәжік тараптан белгісіз біреулер қырғыз шекарашысын дәлдеп, мерген мылтығымен атқанын хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, шекара отрядының қызметкері қолынан жарақат алып, дәрігерлер жағдайы бірқалыпты деп бағалаған.

Сол күні Тәжікстанның "Ховар" агенттігі 6 тамызда таңға жуық Исфара аймағында Қырғызстанның "Көкташ" шекара бекеті басшысы Кабиров Шер ТОЗ-8 мерген мылтығынан атылған оқтан жараланғанын Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме беріп жазды. Онда сонымен бірге Самониен ауылының тұрғыны Ваххобов Вохиддин аяғына оқ тиіп, қаза болғаны жазылған.

Бұл оқиғаға байланысты кешкісін Қырғызстанның Баткен, Тәжікстанның Соғды облыстарының билік өкілдері, шекара және құқық қорғау органдарының қызметкерлері келісті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391