Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6759 0 пікір 7 Тамыз, 2020 сағат 15:45

Алматыдан Ауғанстан жақын...

1985 жылдың жазында үлкен ағам ауырып, Тәшкенде емделді, одан қайыр болмаған соң көкем Мәскеуге апарып, қаратты...

Олар сол жақта жүргенде 7 тамыз күні Дәу әжем қайтыс болды (Сыбанбайдың үлкен ұлы Сүлейдің кемпірі Бейсенкүл әжемізді солай атайтынбыз, бүгін қайтқан күні еді, арнап оқыған дұғаларымызды Алла қабыл етсін). Ол кісінің жаназасына қалай келіп үлгергені туралы көкем өз өмірбаяндық кітабында былай жазады:

«Мен футболдан КСРО – Румыния жолдастық кездесуін көруге «Динамо» стадионына кетсем, ауылдағылар пәтерімізге телефонмен қоңырау шалып, қартайған үлкен шешеміз Бейсенкүлдің қайтыс болғанын хабарлап, менің тез жетуімді сұрапты. Кешкі асымды асығыс ішіп, дереу әуежайға келдім. Кассадан сұрасам, Тәшкенге де, Самарқанға да билет жоқ. «Анық жоқ па? Мүмкін әлі де қарастырып көрерсіз?» деп ем, кассадағы әйел алдындағы компьютерінің мониторын маған қарата бұрды да: «Сенбесеңіз, міне, өзіңіз көріңіз» деді. Сенбеске амалым қалмады. Сосын есіме Тәжікстанның Ленинабад қаласы түсе кетті (ол қазір Ходжент деп аталады). Соны сұрап едім, «оған билет бар» деді. Соған билет алып, «мені пәлен сағатта Ленинабад әуежайынан күтіп алыңдар» деп ауылға асығыс жеделхат жібердім. Арнайы көлік күтіп алып, Жетісайдан 150 шақырымдай жердегі Ленинабадтан ауылға тез жеттім. Ертеңіне шешемізді ақ жуып, арулап, соңғы сапарына шығарып салдық...»

Айтпағым, оңтүстіктің ең шалғай қиырында (Мақтаарал-Жетісай өңірі) туып-өскен біз үшін Алматы түгілі, Шымкенттің өзі "жердің түбі" (230 шақырым) еді. Тәшкен тиіп тұр, Жыззаққа дейінгі аралық 100 шақырымға жетпейді, Самарқан - әрі кетсе 200. Әлгі Ленинабад (мына фотодағы картада Жыззақтан оңға қарай сәл-ақ жер) - 150-ақ шақырым болып тұр ғой.

Былтыр жолды жақсы білетін бір досым екеуіміз есептесек, Жетісайдан өзбектің тура ауған шекарасындағы Термез қаласына дейін 600-ақ шақырым шығады екен. Сонда "бізге Алматыдан Ауғанстан жақын болғаны ма?" деп күліп едік...

Айтпақшы, КСРО - Румыния (2:0, гол авторлары: Протасов, 47-минут; Черенков, 75-минут) матчын стадионнан 25 мың жанкүйер тамашалапты. Іішінде көкем де бар!

Сәкен Сыбанбайдың жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409