Жұма, 29 Наурыз 2024
3122 4 пікір 8 Тамыз, 2020 сағат 09:10

Халық санағы 2021 жылға шегерілуі мүмкін

Елімізде ұлттық санақ жүргізу бір жыл кейінге қалды. Бүл туралы статистика комитеті мәлімдеген. 

Комитеттің ресми сайтындағы мәліметке сенсек, Үкімет өткен жылы 19 маусымда 2020 жылы ұлттық санақ өткізу туралы қаулы шығарған. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы биылғы 1-30 қазан аралығында өтуге тиіс еді.

«Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантин шараларына байланысты ұлттық халық санағын 2021 жылғы қазан айына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды» деп мәлімдейді комитет.

Ұлттық халық санағын өткізу әдісі өзгеріссіз қалады.

Яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, ал 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауапты планшетте тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов індетке байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

«Жалпы Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың және халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», - деген еді министр баспасөз мәслихатында.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610