Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2914 0 пікір 8 Тамыз, 2020 сағат 17:21

Қырғызстанда медициналық оқу орындарына грант көптеп бөлінді

Қырғызстанда денсаулық сақтау саласында мамандардың жетіспеуін есепке алып, денсаулық сақтау министрлігі Медициналық академия мен Ош мемлекеттік университетінің медицина факультетіне грант санын арттырды.

Бұл жөнінде министрлік өкілі Айгүл Бообекова хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында Медакадемияда "Емдеу ісі" 210 орынға, "Медицина – профилактикалық іс" 60 орынға, "Педиатрия" – 40, "Медбикелік іс" 10 орынға көбейтілді.

Ош мемлекеттік университетінің медицина факультетіне қосымша 80 орын бөлген.

Ординатура бойынша "Эпидемиология" - 30, "Инфекциялық аурулар" - 22, "Микробиология" - 30, "Реаниматология" 26 орынға көбейді. Жалпы ординатураға қосымша 250 грант бөлу қарастырылып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешімді дәрігерлер жетіспеуін жою деп түсіндірді.

Коронавирус эпидемиясы басталған наурыз айынан бері Қырғызстанда медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі ашық байқалды. Үкімет медициналық білімі бар барлық азаматтарды келісім бойынша жұмысқа шақырды. Тіптен Ресейде медицина мамандығы бойынша дәріс алып жатқан студенттер де келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1052
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2599
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 737
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700