Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4154 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 08:33

Рақымжан ТҰРЫСБЕК. Руханият әлеміндегі бедерлі бетбұрыс

Ел өміріндегі айтулы оқиғалар мен елеулі іс-шаралардың қалың көпшілік жадында ұзақ сақталып, мәңгілік сипаттарымен көңіл тө­рінде берік ұялап қалатындары болады. Осы ретте, ұлт руханияты­ның бел-белестеріне жіті ден қой­сақ, ҚКП ОК "Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұ­ра­сын  зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы" қаулысының (1957 жыл) әдеби-мә­дени өмірде айрықша мән-маңызы болғанын айту абзал. Оны жүзеге асыру мақсатында Қазақ ССР Ғы­лым академиясы Тіл және әдебиет институты қазақ әдебиеті тарихы­ның әуелгі бастаулары мен кейінгі кезеңдерін қарастырып, ғылыми-теориялық конференция өткізген. Конференция материалдары - "Әде­би мұра және оны зерттеу" атты кітапқа енді (Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1961.

Ел өміріндегі айтулы оқиғалар мен елеулі іс-шаралардың қалың көпшілік жадында ұзақ сақталып, мәңгілік сипаттарымен көңіл тө­рінде берік ұялап қалатындары болады. Осы ретте, ұлт руханияты­ның бел-белестеріне жіті ден қой­сақ, ҚКП ОК "Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұ­ра­сын  зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы" қаулысының (1957 жыл) әдеби-мә­дени өмірде айрықша мән-маңызы болғанын айту абзал. Оны жүзеге асыру мақсатында Қазақ ССР Ғы­лым академиясы Тіл және әдебиет институты қазақ әдебиеті тарихы­ның әуелгі бастаулары мен кейінгі кезеңдерін қарастырып, ғылыми-теориялық конференция өткізген. Конференция материалдары - "Әде­би мұра және оны зерттеу" атты кітапқа енді (Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1961.

Кітап аңдатпасынан аңғарыла­ты­нын­дай, онда: "...конферен­ция­ның қазақ әдебиетін зерттеудің ке­лелі проб­лемаларына, XVІІІ ғасыр­дың аяқ кезі мен XІX ғасырдың бас кезін­дегі қазақ әдебиеті, XІX ға­сыр­дың 80-90 жылдарындағы қазақ әде­бие­тінің негізгі даму тенденция­сы мен бағыты, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы жайын­дағы және басқа да мәсе­ле­лерге арналған материалдары енгізілді", - деп көрсетілген. "Әдеби мұра және оны зерттеу" атты ғы­лыми-теория­лық конференцияның өткеніне жарты ғасыр толғанымен, ондағы көтерілген келелі мәселе­лер­дің, XVІІІ-XX ғ.ғ. ұлттық сөз өне­рінің қалыптасуы мен даму ба­ғыт­тары, қазіргі кезеңде де өзекті болып та­былады.

С.Бәйішев "Халқымыздың әде­би мұраларын зерттеу мен пайда­лану жайында" атты бастапқы сө­зін­де әдебиет әлемі туралы кең кө­лемде баяндайды. Ол жайлы: "Әде­биеттің теориялық мәселелерін қа­растыру - қазіргі кездегі ең басты міндеттердің бірі. Өздеріңізге мә­лім, теория - әрбір ғылымның не­гізі, іргетасы, даму шарты. Мұнсыз ешбір ғылым дами алмайды. Бұл қағида әдебиет ғылымына да түгел­дей жатады...Теориялық мәселелер­мен шұғылданатын әдебиетші­лердің аздығынан қазіргі қазақ со­вет әдебиетінің бірсыпыра пробле­малары әлі күнге дейін ойдағыдай шешілмей келеді.

...Халқымыз тарихында, өмірін­де болған жақсы, пайдалы, керекті нәрсенің бәрін зерттеу, сын көзі­мен пайдалану, халықтың керегіне жұмсау жөнінде біздің еліміздегідей жұмыс ешбір елде істелген емес", - деп ақиқатын айтады Ой түйі­нінде: "...халқымыз тарихында, өмі­рінде болған жақсы, пайдалы, керекті нәрсенің бәрін зерттеу, сын көзімен пайдалану, халықтың кере­гіне жұмсау жөнінде біздің еліміз­дегідей жұмыс ешбір елде істелген емес", - дегенді де назарға салады.

Е.Ысмайыловтың "КПСС XXІ съезі қарарларына байланысты қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі міндеттері" атты баянда­масында - көркем әдебиетке, аңыз-ертегі, эпостық жырларға жіті назар аударылады. XІX-XX ғ.б. әдебиет пен қоғамдық өмірге, Жамбыл және халық поэзиясына, Абай және жазба әдебиет ерекше­ліктеріне маңыз беріледі. Халық әде­биеті мен жазба әдебиеттің ор­тақ тұстарын:  "...қазақтың ертедегі эпосын, тарихи жыр, айтыс өлең­дерін, аңыз-әңгімелерін, лирика­лық  дастандарды совет  заманында өмір сүрген Жамбыл, Шашубай, Нүрпейіс, Мұрын, Қазанғап, Қуат, Нартай, Кенен сияқты ақын-жыр­шылардың поэзиясымен тығыз бай­ланыстыра тексергенде ғана дұ­рыс ғылымдық қорытындылар жа­сай аламыз", -  дейді. Ұлт әде­биет­терінің өзара байланысына, көркемдік-шығармашылық әсер-ықпал  жасауға қатысты көзқа­расын: "Қазақ әдебиеттану ғылы­мының тарихына көз жіберсек, оның негізінен екі кезеңді басынан ке­шіргенін байқауға болады. Бірін­ші - үйрену, идеялық-творче­ство­лық  принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезе­ңінен соғысқа дейінгі дәуірді қам­тиды. Екіншісі - соғыстан кейінгі дәуір, яғни қалыптасып, даму дәуі­рі", - деп түйін жасайды.

Бұдан басқа Базарбаевтың "Қа­зақ поэзиясындағы дәстүр мен жа­ңа­шылдық жайында" атты баян­дамасында көркемөнер табиғаты, қазақ өлеңінің арғы-бергі кезеңдері кең көлемде сөз етіледі. Сондай-ақ, Абай әлемі мен Сәкеннің ақын­дығы - өмір, уақыт тынысымен сабақтастықта көрініс табады.

Қ.Жұмалиев "Әдебиет тарихын зерттеу, оның желісін тартып, бел­гі­лі бір жүйеге салу мәселесі" төңі­регінде ой қозғайды. Әдебиет тари­хын қай дәуір, кімнен бастаймыз? деген сауалды да алға тартады. XVІІІ-XІX ғ.ғ. ақындардан кімдерді әдебиет тарихына ендіру керек, - деген бағытта да ойлар қозғалады. Жырлардың, салт өлеңдердің бір­неше нұсқалары болса, Бұқардан бергі ақындардың өлеңдерін кім айтсын, Қазақстанның қай өлке­сінде айтылсын өз атынан айтады. Екінші варианты жоқ. Ұрпақтан ұрпаққа бір-ақ вариант, бір алуан сөз түрінде сақталды", - деп жаза­ды. Тиісті тұста: "Қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан басталады деу, оны мақтау, дәріптеу емес - та­рихи шындық. Ол өзінің заман­дас­тары Үмбетей, Шал, Жанкісі, Дулат, тағы басқалардан әдебиетке бұрын келді. Аты да, сөзі де халыққа бұ­рын тарады...

Махамбет, Шернияз өлеңдері­нің идеялық мазмұны - ханның, сұлтандардың, би-феодалдардың халықты езіп отырғандығын әшке­релеуге, жалпы сөздіктерінің халық көпшілігіне түсініктілігін керек етті. Олар сөздерінің мағынасы тұжы­рымды, дәл, анық және образ­дары­ның өмір шындығынан алынуына, жұртшылыққа мейлінше түсінікті болуына алдымен көңіл бөледі". "Қандай ақын, жазушы болсын әдебиет тарихына енгізгенде және бір керекті шарт - оның қалдырған мұраларының көркемдік дәрежесі, айтайын деген ойын терең мағы­налы, образды түрде айтып бере білуі".

"Жырау - әрі ақын, әрі өз кезі­нің елге ақыл айтарлық, кейінгі­лерге өнеге боларлық, нақыл сөз ие­лері. Осы екі ұғымның жиын­тығы ақынға жырау атағын береді. Бұл тәрізді сөздердің де үлгілері Бұқардан, Дулаттан басталады" Ой түйінін: "...Бұқар, Дулат, Жанкісі, Махамбет, Шернияз, Алмажан XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ға­сырдың алғашқы жартысындағы әде­биет тарихына енгізілуі, зерт­телуі керек деп білеміз. Сол кездегі әлеуметтік өмірін тануымыз үшін де, екі түрлі әдеби бағыттың таптық табиғаты қандай болатындығын және оның әлеуметтік себептерін айқындау үшін де қазақ өлең құрылысы және әдеби тіліміздің даму жолдарының тарихын зерттеу үшін де бұл ақындардың әдебиет тарихына енулері қажет", - деп қорытындылайды.

Ал Ы.Дүйсенбаевтың "XІX ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақ әдебиетін зерттеу мәселелері" деген баяндамасында алдымен осы кезеңнің қоғамдық жағдайы, қазақ-ресей қарым-қатынасы, Орта Азия халықтарының мәдени-рухани байланыстарына көңіл бөлінеді.

Б.Кенжебаевтың "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы" атты баяндамасының бастапқы тұстарында XІX ғасырдың соңы мен XX ғ.басында қоғамдық-әлеу­меттік жағдайға, халық-ағарту жұ­мыс­тарына кең орын беріледі. Ал­дымен, БАҚ жүйесі, ақын-жазу­шылар мен олардың еңбек-мұра­лары туралы деректерге ден қояды. Ол жайлы: "XІX ғасырда қазақ тілінде тек бір ғана "Дала уалаяты" газеті шығып тұрған еді; XX ғасыр­дың алғашқы жартысында қазақ тілінде 6 газет, журнал шықты. Ол туралы: "...қазақтың XX ғасыр басындағы әдебиеті өзінің кадры жағынан да, жанр жағынан да едәуір өсті, профессионалдық әде­биетке айналды",- деп қорытынды жасайды.

Профессор Н.Келімбетов: "Қа­зақ әдебиеті тарихын әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлімі ре­тінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бө­ліп-жармай, тұтас күйінде зерттесе, ұстаз-ғалым М. Жолдасбеков өз ойын былайша түйеді: "1970 жыл­дарға дейін жоғарғы оқу орында­рында, орта мектептерде қазақ әдебиетінің тарихы ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жыраудан баста­лып, төмендегіше жүйеленіп келді: а\ ауыз әдебиеті; ә\ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ  әдебиеті ; б\ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті; в\Қазақ совет әдебиеті.

Қазақ халқы өзінің ұзақ тари­хында сан түрлі жазуды, әліппені қолданып келеді. Солардың ішінен белгілілері мыналар: VІІ-ІХ ғасыр­лар арасында түркі жазуын (немесе руналық жазулар деп аталады), содан ұйғыр, арамей жазуларын пайдаланған. Ал Х ғасырдан бастап араб әліппесіне көшкен. Бертінде латын әліппесіне, одан соң қазір өзіміз қолданып жүрген орыс ал­фавитіне көшкен. Міне, осы жазу­лардың қай-қайсысында да сақ­талған әдеби шығармалардың елеулі делінетіндері түгел әдебие­тіміздің тарихына енуге тиіс.

Жазушы-ғалым М. Мағауин: "Әлденеше ғасырлық тарихы бар көне қазақ әдебиетінің толыққанды шежіресін жасап шығу-болашақ­тың ісі. Бірақ, біз осы шағын еңбе­гімізде жұртшылық назарына ұсын­ған, әзірге қолда бар азды-көпті деректердің өзінен-ақ халқымыз­дың ақындық өнерінің тамыры те­реңде жатқандығы, қазақ әдебие­тінің тарихы ХVІІІ ғасырдан ғана басталады-мыс деген пікірдің жаң­сақтығы айқын аңғарылса керек".

"Әдеби мұра және оны зерттеу" атты ғылыми-теориялық конферен­цияның руханият әлемінде тағы­лымды тұстары мол. Басты жетістігі мен жасампаздық қырлары - көр­кемөнердің мақсат-мұраттарын ай­қындап, сөз өнері тарихын зер­делеуге батыл бетбұрыс жасады. Бұдан шығатын қорытынды - қазақ  руханиятына кең өріс берген - "Әдеби мұра және оны зерттеу"  атты ғылыми жиынның өткеніне жарты ғасыр толса да, зерттеу ісі бүгінгі таңда да өміршеңдігін жо­ғалтқан жоқ. Руханият әлеміндегі бетбұрысты кезеңнің басты тағы­лымы да осы.

 

 

Рақымжан ТҰРЫСБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор.

«Егемен Қазақстан» газеті 26 маусым 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338