Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3840 3 пікір 11 Тамыз, 2020 сағат 16:25

Билік митингіге емес, ондағы көтерілген ұрандарға назар салу керек

«Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Жаңа курс (бағыт) жаңа орындаушыларды – білімді, батыл, бастамашыл, іскерлік және адал орындаушыларды қарастырады», - деді президент Қ.Тоқаев.

Дұрыс. Мұндай талаптар үнемі митингілерде қойылып келді...

Бірақ осыған дейін билік «Митинг» деген сөзді ғана білді. Ал ондағы көтерілген тақырып (Ұрандар) еш маңызды болмады. Сондықтан, оларға «митинг»  атаулының бәрі қауіпті көрінгені рас..

Егер, билік митингімен бірге «Ондағы көтерілетін тақырып не?», «Ол қандай мақсатты көздейді?» деген сұрақтарды қатар қойғанда, онда биліктің күштік құрылымы бейбіт митингіге жиналған халықты дырылдатып сүйреуге, айыппұл салуға, қамауға бармас еді. Себебі, біздегі барлық митингілердің көтерген ұрандары: халықтың тұрмыс жағдайын күшейту, Мемлекеттік қауіпсіздік пен қорғанысты арттыру, Тәуелсіздікті нығайту, коррупцияға жол бермеу, Жерді шет елге сатпау, жалға бермеу және т.т. тек қана ұлттық мүддені қорғау бағытында болды.

Бірақ билік (әкімшіліктер) тек «Митинг» ғана көрді де, ондағы көтерілген «тақырыпты» тіптен елемеді.

Сонда, билікке Ұлттық қауіпсіздік, Тәуелсіздік, Халықтың өмірі мен жағдайы еш маңызды болмағаны ма деген заңды сұрақ туындайды.

Егер ол маңызды болмаса - мемлекеттің қажеті не, мемлекет болмағасын биліктің де қажеті не деген тағы бір заңды сұрақ тумай ма?

Олай болса, «Күшті Мемлекет болайық!» (ал биліксіз мемлекет бола ма?) деп бейбіт митингігі шыққан халықты сүйрелеп әуре болудың да еш қажеті жоқ емес пе?

Алайда, біздің билік «Мемлекетті тек митингіден қорғаса болды, мемлекетіміз күшті болып кетеді»  деп ойлап келген екен...

Енді президент Қ.Тоқаев «митингіден қорықпайтын, керісінше, митингіде айтылатын Ұрандардан сабақ алатын, соған сай, яғни, халық талабына сай Мемлекеттің іргетасын нықтайтын» кадрлерді (орындаушыларды) мемлекеттік басқару қызметіне аламыз деді.

Ендеше, болашақта билік «митингілерді болдырмаудың» барлық амалдарын күштік құрылымға емес, әкімшілік департаменттеріне жүктей алатындай болуы керек. Яғни, бұл - қоғам дамуын алдын ала болжай алатын, соған сай әрекет ете алатын, оны адал орындайтын жан-жақты білімді, патриот, мемлекетшіл-халықшыл шенеуніктер армиясын, басқару жүйесін қалыптастыру дегенді білдіреді.

Ол жағдайда, тіптен, әкімшілік қызметкерлері митингілер ұйымдастырсын демей-ақ қояйық, бірақ олар сол қайнаған митингінің бел ортасында жүруі керек болады!

Митингіге емес, олар ұранға назар салуы керек! 

Сөз соңын:

Қазіргі «зәбір көрсетті» деп жас қызға зіңгіттей 6 полицияның жазған арызын қарап жатқан сотқа екі тарапты медиациялық кешірімге келтіріп тарқатсаңыз өте дүрыс шешім болар еді деген тілегіммен аяқтаймын.

Сіз де Президен Қ.Тоқаевтың айтқанына құлақ түріңіз, мәртебелі сот!

Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490