Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 2392 0 пікір 13 Тамыз, 2020 сағат 12:47

«Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды»

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев күшейтілген шектеу шаралрының енгізілуі нәтижесінде қалада коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтанғанын айтты. Қала әкімі бұл мәлімдемені «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде жасады.

Сағынтаевтың айтуынша, 5 шілдеде  енгізілген карантин шараларының арқасында эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарған. Соның арқасында коронавируспен күреске жұмылдырылған клиникалар бұрынғы жұмыс режиміне орала бастады. Мәселен, №4 және 7 қалалық емханалар өздерінің негізгі бағыттары бойынша толық жұмыс істей бастады. Ал қалған емханалар өздерінің негізгі жұмыстарына кезең-кезеңімен оралады.

Сонымен қатар, күзгі-қысқы маусымда індеттің жаңа толқынының болуы мүмкін екенін ескере отырып, стационарлардың ковидті госпитальдер режимі бойынша жұмыс жасауларының жоспары әзірленген.

«Күніне шамамен 200 госпиталь жұмыс істейтін болады. Індет шарықтаған кезде біз 500-ге жуық науқасты ауруханаларға жатқыздық. Бұл қаланың медицина жүйесіне түсетін өте ауыр жүк. Індеттің жаңа толқынына қарсы іс- әрекет жоспарына сай стационарлар 2-3 күн ішінде ковидті науқастарды емдеуге дайын болулары тиіс»– деді қала әкімі.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жедел жұмыс істеу үшін медициналық көмектің алғашқы буыны – алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен емхана байланысы күшейтіліп жатыр.

«Осыған орай, біз КВИ белгілері пайда болған кезде не істеу керек, кімге және қайда жүгінуге болатындығы туралы нұсқаулықтар әзірледік. Амбулаториялық ем алатын әрі емханалар дәрігерлерінің бақылауында болатын науқстарды қажетті дәрі-дәрмектер препататтарымен қамтамасыз еттік. Осы мақсатта дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылды, оған 5 млрд тг бөлінді», – деді Сағынтаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052