Сенбі, 23 Қараша 2024
2991 2 пікір 13 Тамыз, 2020 сағат 15:30

Министр Нұрымбетовтың ағасы желтоқсанға дейін үйқамақта болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Нұрымбетовке қатысты іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 128-бабы бойынша жолданды.

Айта кетейік, Нұрымбетовтен басқа бұл іс бойынша сот алдына тағы 5 адам келді. Тимур Нұрымбетов 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін үй қамауында болады. Осы іс бойынша басты сот отырысы 2020 жылдың 30 шілдеде өткен болатын. Кезекті сот отырысы 17 тамызға белгіленді.

Тимуржан Нұрымбетов 1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-технолог.

2013 жылы Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметінде болған. 2019 жылдың ақпанынан бастап Тимуржан Нұрымбетов Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5514