Беларусьте бір ғана сайлау «әділ» өткен...
Беларусь президенті бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да тетіктер арқылы халықтың санасына «Лукашенкодан басқа ел басқаруға лайық адам жоқ, ол керемет басқарып отыр, ол ерекше», деген пікірді сіңіргісі келеді.
Елдегі тәуелсіз журналистердің көпшілігі қуғын-сүргінге ұшыраған. Қалғандары сыбырлап қана сөйлейді. А.Лукашенко билігі тұсында В.Гончар, Ю.Захарченко, А.Красовский т.б. саясаткерлер із-түзсіз жоғалып кеткен. Еуропалық кеңестің Парламенттік ассамблея мүшесі Х.Пургуридес бұл адамдардың жоғалып кетуіне Беларусь билігін кінәлайды, бірақ А.Лукашенко өзінің бұған еш қатысы жоқтығын айтады.
2006 жылы А.Лукашенконың АҚШ-қа және Еуроодақ террриторияларына кіруіне тыйым салынды. Кейін тыйым шарттары өзгертілді, бірақ алынып тасталған жоқ.
1994 жылы өткізілген бірінші сайлаудан басқа сайлаулардың барлығында елде қарсылық акциялары өткізіліп, ол акциялар өкімет тарапынан аяусыз басып-жаншылып келеді. Халықты қорқытып ұстап отыр. Халықаралық ұйымдар Беларуссиядағы 1994 жылы өткен бірінші сайлаудан басқа барлық сайлауды заңсыз деп санайды. Бірақ президент оған қыңқ етпейді, «Бүкіл дүние жүзі қарсы болса да, егер өзі қаласа Лукашенко президент бола береді», деген сөзді үлкен мінбелерден айта береді.
Ләззат Дүйсембекованың жазбасы
Abai.kz