Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 2815 4 пікір 15 Тамыз, 2020 сағат 15:29

Аида Балаева президенттік кадрлық резервке кірген жастармен кездесті

Бүгінгі күні халықпен белсенді кері байланысты жолға қойып, оларды тыңдау, сұраныстарына жауап беру өте маңызды. Бұл туралы бүгін Zoom тұғырнамасында президенттік кадрлық резервке кірген жастармен онлайн режимде кездескен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. 

«Маңызды салалардың бірі - жастар саясаты. Біз әдістерін өзгерттік. Олар жастардың жас ерекшеліктеріне байланысты қызығушылықтарына және әлеуметтік санатын орай сараланады. Әлеуметтендірілген топтың бар екендігі түсінікті. Бірақ, Біз қамтымаған жастар да бар. Олармен өзара іс-қимылды қалай жолға қою керек, қандай жобаларды жүзеге асырған жөн деген мәселелермен жұмыс істеу қажет. Осы орайда жастардың белгілі бір санатына қызықты жобалар ұсынғандарыңызды қалаймыз», - деді министр президенттік кадрлық резервке кірген жастарға.

Оның атап өтуінше, отбасылық саясат саласында отбасылық құндылықтарды насихаттау қажет. Ұлттық кодты сақтап қалу да маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық тілден, мәдениеттен, салт-дәстүрден айырып қалу оп-оңай.

«Мұның барлығы отбасыдан басталады. Сондықтан осынау отбасылық құндылықтарды насихаттау маңызды. Ажырасу саны артып барады. Себебі сан алуан: мінездің үйлеспеуі, тұрмыстық проблемалар. Осы ретте жас отбасылар арасындағы ажырасу пайызын барынша қысқарту үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауымыз маңызды болып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар министр дінаралық келісімді сақтау мәселесіне де айрықша тоқталып, деструктивті сектор тарапынан үлкен сын-тегеурін болып тұрғандығын ашық айтты. Проблема адамның діншілдігіне емес, оның діни сауатсыздығында екендігін айрықша атап өтті.

«Теологтарымыз барлық уақытта белгілі бір діни ұйымның ерекшеліктері дайында қызықты әрі жетесіне жеткізіп айта алмауы да мүмкін. Біз бұл бағытта жаңа формалар мен әдістер әзірлеуіміз қажет. Тұрмыстық жанжалдың этносаралық алауыздыққа айналып кетуге бейім екендігін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Бұған жол беруге болмайды. Өйткені, бұл өте нәзік сала. Елімізде орын алған тұрақтылықты сақтау және қарапайым тұрмыстық жандалдарды этносаралық шиеленіске өршуінежол бермеуіміз керек. Сондықтан өздеріңізді тағы да белсенді ынтымақтастыққа шақырамын», - деді Аида Балаева жастарға қарата.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052