Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2359 0 пікір 12 Желтоқсан, 2011 сағат 03:45

Сайлау Байбосын. Елұранды күлкі еткен ел бола ма?

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Павлодарда шығатын «Наша жизнь» атты жергілікті газет тағы да бір шуға себепкер болып отыр.  «Наша жизньнің» намысқа шапқан әрекеті туралы «Абай.кз» ақпараттық порталының қасындағы «Маса.кз» интернет газеті бірінші болып айтып та үлгерді. Естеріңізге сала кетейін, аталған  басылым басқаны қойып бұл жолы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына ауыз салды. Бұрын оны кім байқаған, осы газетте жарияланған «Детишкам про любовь» атты мақаланың авторы  Давид Ганелиннің айтуынша, әнұран мен оны орындап тұрған адамның (әйелдің) тұрысы жыныстық сезімді қоздырады екен. Әсіресе, әскер жасына тақап қалған бозбалалардың. Мақала бастан-аяқ мысқыл мен әжуаға толы, оны төменде оқи жатарсыздар.

 

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Павлодарда шығатын «Наша жизнь» атты жергілікті газет тағы да бір шуға себепкер болып отыр.  «Наша жизньнің» намысқа шапқан әрекеті туралы «Абай.кз» ақпараттық порталының қасындағы «Маса.кз» интернет газеті бірінші болып айтып та үлгерді. Естеріңізге сала кетейін, аталған  басылым басқаны қойып бұл жолы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына ауыз салды. Бұрын оны кім байқаған, осы газетте жарияланған «Детишкам про любовь» атты мақаланың авторы  Давид Ганелиннің айтуынша, әнұран мен оны орындап тұрған адамның (әйелдің) тұрысы жыныстық сезімді қоздырады екен. Әсіресе, әскер жасына тақап қалған бозбалалардың. Мақала бастан-аяқ мысқыл мен әжуаға толы, оны төменде оқи жатарсыздар.

 

Жалпы бұл өңірдің халқы бұндай мазақ пен қорлыққа  ет үйретіп алған. Оқиды да, «е» деп қоя салады. Енді не істесін? Заңға жүгінейін десе, бұл талай мәрте бастан өткен жағдай. Судьялар мен прокурорлар ұлт намысын қорғаған қазақты басқалардың алдында тұқыртып жығып беретінін көріп жүрміз. Жергілікті атқарушы билік (әкімдіктер) ұлтаралық мәселе десе ат-тондарын ала қашады. Сосын қайда барады қазақ? Аналар да осыны біліп алған, қазақ байғұсты  оңдырмай, итке де, құсқа да теңеп жатады. Бұндай әрекетке қарсылық білдірген жергілікті ұлт өкілі болса, оған дереу «ұлтаралық татулықты бұзушы», «ұлтшыл» деген айып тағылып, қара тізімге ілінеді. Ал қазақты «қара есекке теріс мінгізіп»  жатқан әлгілерді ешкім ұлт араздығын қоздырушы деп атамайды. Сосын олар құтырмағанда кім құтырады?! Шындығын айтқанда, қазақ бұл жерде мемлекет құраушы ұлт емес, құдды диаспора секілді. Нанбасаңыздар келіп көріңіздер. Алматыда екі күннің бірінде халықтың атынан сөз сөйлеп,  «ұлт жанашыры» атанып, қозғалыстар ұйымдастырып жүргендер тым болмаса осы жаққа келіп, бірер ай неге тұрмайды екен, сонда жағдайдың қандай екенін өз көздерімен көрер еді деп ойлайсың

Павлодардағы орыс тілді газеттердің жергілікті халықты мазақ етіп отырғаны бір бұл емес. Ана жылы осындағы «Городская неделя» деп аталатын апталықта жарияланған сканвордтың ішіндегі «деревянное название казахов и кавказцев» (жауабы-чурка) деген сұрақ тағы біраз дүрлігіс тудырған болатын. Ол жолы газет редакциясы қарсы жақ сотқа бергенше, кешірім сұрап құтылған еді...

 

Біз де осы жолы «Наша жизнь» газетінің редакторы Елена Васильченкоға кіріп едік, бұл ханым кешірім сұрамақ түгілі, өзімізді мысқыл күлкімен қарсы алды. Оның айтуынша, мақала авторы Д.Ганелин деген адам газеттің тұрақты авторы және Ресейдің белгілі сатиригі Жванецкийдің стилімен жазады екен-мыс. «Ол Жванецкийге қатты еліктейді және онымен ұлты бірге екенін де жасырмайды»-деп мақтанышпен хабарлаған редактор: «Мақалада тұрған түк те жоқ. Отанды сүю әнұран айтумен ғана шектелмейді, ол тереңнен бастау алатын сезім»-деген пәлсапалық пікір айтты. «Мұғалімнің Отанды сүю жайлы мақала жазғаны дұрыс, бірақ неге эротикалық әдісті таңдаған?»-деген сұрағымыз жауапсыз қалды.

 

Сөйтіп, Ганелиннің ұлты жөйт екен. Өзі осындағы №8 лицейде математикадан сабақ беретін көрінеді. Жасы 70-ті алқымдап қалған кісі дейді. Былтыр облыс әкімінің қолынан сыйлыққа автокөлік алыпты.

Білім министрі Б.Жұмағұлов алдағы жылы мұғалімдердің бәрі психологиялық тестіден өтеді деп жатыр. Біздің ше Ганелин секілділерді міндетті түрде өткізу керек. Себебі өзі мұғалім бола тұра, мынадай мақала жазған адамның ақыл-есінде ауытқушылық жоқ деп айту қиын.

Бір қызығы, Ганелинді жақтап, бізге барынша мысқылмен жауап беріп отырған Васильченко ханымның да кеудесінде «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы медалі» жарқырайды. Осындайда халқымыздың: «Тамағыңды ішіп, текеметіңді тіліп отырады» деген мәтелі еске түседі екен. Бұлардың алдында қанша кішірейгенімізбен олар бізді кісіге санап отырған жоқ. Енді осы газет келесі санында әнұранды қойып, мемлекеттік елтаңбамызды мазақ етіп жатса, еш таңқалуға болмайды. Себебі оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ бұл өңірде. Облыстық әкімдік пен облыстық білім басқармасы әрі кетсе шақырып алып, әңгіме өткізеді, одан басқаға өлсе де баспайды.

Сот жүйесінің жағдайын жоғарыда айттық. 2009 жылы «Тасжарған» газетін экс-депутат Ромин Мәдиновке, жуықта белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваны бас қаржы полицейі Қожамжаровтың зайыбы Ахановаға  жығып берді. Депуттар мен шенеуніктердің намысын жан сала қорғайтын қазақстандық сот жүйесі ел намысын, ұлт намысын қорғауға келгенде, кежегелері кейін тартып қалады. Неге? Өткен жазда «Павлодарлифт» ЖШС-ын сотқа берген тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін Павлодар қалалық сотының судьясы Медерова деген әйел (ұлты қазақ) көз алдымызда жығып берді. Соңынан Руза аппеляцияға арызданып, әділдікке әрең деп қол жеткізді.

Былтыр Көкшетау қалалық «Степной маяк», Бурабай аудандық «Луч» газеттері: «юрта-жилище бомжа», «Мағжан Пятницабев», «Бақытжан Паятницаділдаев» деп тағы мазақ етті. Бұлардың барлығы да бюджет қаржысымен шығатын басылымдар. Істеп отырғандары жаңағы. Осы газеттер де азғана айппұл төлеп, кешірім сұраумен  құтылып кетті.

 

Бір қызығы, Павлодардағы «Городская неделя» деп аталатын апталық кей кезде облыс әкімі Сағынтаев мырзаны да жерден алып, жерге салып жатады. Егер осыны қазақ тілді газет жасаса, Сағынтаев баяғыда-ақ оны  жаптырып тастар еді.  Ал аймақтағы орыстілді газеттер құдды бір үйдің ерке балалары секілді -- оларға бәрі де кешірімді.

Бұның себебі -- Ресей шекарасы таяқ тастам жерде, екі күннің бірінде қатынасып жатады. Саясатқа, ұлт мәселесіне қатысты әңгімелер орыстілділердің де арасында болып тұратыны сөзсіз. Оның үстіне қазір солтүстік өңірлерде Ресей экспансиясы күн санап күшейіп келеді. Бұл кезінде Лениннің өзі айтқан «ұлыорыстық шовинизмнің» қайта оянуына себеп болары айтпаса да белгілі.  Шовинистік пиғылдардың бас көтеруіне байланысты  жоғарыдағыдай «ақпараттық диверсиялар» жасалып тұратыны сөзсіз. Бұл әрекет әлгіндей жымысқы жүрісті жергілікті халықтың қалай қабылдайтынын байқауға барып саяды. Егер үндемесең, одан да зорын жазады. Шу көтерсең, кешірім сұрап, қоя салады.

Халқымыздың: «Еңкейгенге-еңкей, атаңнан қалған  құл емес, шалқайғанға-шалқай, ол Құдайдың ұлы емес»-деген қанатты сөзі бар. Егеменді ел болсақ та, еңкейуден әлі де еңсеміз жазылмай келе жатыр. Бізге де шалқаятын күн туар ма екен?  Сосын және ойлайсың: Елұраныңды мазақ етіп жүргендер ел болып жарыта ма?..

«Абай-ақпарат»

Детишкам про любовь

«Любви все возрасты покорны» , - высказался однажды нам классик и, как всегда, не ошибся. Однако, как говорят в народе, любовь зла, и козлы этим пользуются.

В период между «Днем независимости» и «Днем республики» острый приступ любовного оргазма накрыл почтенное министерство образование и науки. На этот раз речь шла о любви к Родине. И как всякое порядочное и образованное министерство, оно решило организовать, упорядочить и законодательно закрепить все любовные отправление так, чтобы при этом все стояло и обстояло, как следует.

Прежде всего, оно установило: любовь к родине следует осуществляет через гимн, который нужно исполнять по утрам перед уроками. А поскольку любовь - это занятие парное, то совместно с учителям. Учитель при этом должен стоять по стойке «смирно», лицом к классу, ноги на ширине плеч, правая ладонь лежит на груди, черенок вниз, так, чтобы не загораживать приколотую к груди голубую ленточку в виде бантика, и петь вместе с классом.

Поскольку учитель у нас в своем подавляющем большинстве - это женщина, то данная любовная инструкция, как нам кажется, нуждается в детализации. Итак: учитель должен стоять лицом к классу, ноги раздвинуты на ширине плеч. Министерство намерено в следующем инструктивном письме уточнить, на какую именно ширину плеч позволительно раздвигать ноги и как с ними вообще быть в остальных любовных фазах  единения с родиной.

Далее. Ладонь правой руки черенок вниз располагается на левом вторичном половом признаке так, чтобы оставалась видимой приколотая к этому вторичному половому признаку голубая лента в виде бантика, которая «с нашим знаменем цвета одного». При этом локтем все той же правой руки должен быть прикрыт правый вторичный половой признак.

В дальнейшем министерство намерено поставить и положительно решить вопрос о ногах и коленях, как о третичных половых признаках, которые похлеще вторичных. А пока что самый главный половой признак должен быть отсечен плотной юбкой (или брюками), дабы ни у одного ребенка допризывного и, самое главное, призывного  возраста ничто не возникало, не поднималось и не шевелилось.То есть ничто не отвлекало от правильного исполнения гимна и чтобы ничто не стояло между ними и Родиной.

После исполнения гимна можно сесть, посмотреть на государственные символы - флаг и греб - и перед началом урока выразить свою любовь и преданность правительству и президенту в свободной форме.

Все это хорошо и даже отлично,за исключением «свободной формы». Поскольку форма выражения любви сильно влияет на ее содержание. А если возьмут и выразятся? Как выразятся, так и полюбят? А многие вовсе никак не выражаются. Как любят, так и любят. И что - то именно им больше всего доверия. Любимые вы наши. Потому что, кто - ж его знает, «с него начинается Родина?» А вот что  «от любви до ненависти один шаг»  - доподлинно известно. И вам непременно надо, чтобы этот шаг был сделан, господа

Давид Ганелин

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504