АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Майк Пенс болашақ әкімшіліктегі екінші жоғары лауазымға үміткер деп аталды.
Форумға әрбір штаттан алты адамнан, барлығы 336 делегат жиналды. Съезд Шарлотт қаласында ашылса, төрт күндік форумның басқа да шаралары Вашингтонда, сонымен бірге видеоформатта өтеді.
Қоғамдық пікір сауалнамасына қарағанда, демократтар атынан сайлауға түсетін Джо Байден президент Трамптан 8-10 пайыз алда келеді.
Форумда Трамп отбасының мүшелері, Республикалық партияның ықпалды өкілдері, Солтүстік Каролина штаты мен басқа да штаттарының тұрғындары сөз сөйлейді.
FoxNews телеарнасының хабарлауынша, республикалық партияның конгрессмен болған бұрынғы жиырмадан астам мүшеі "Республикашылдар Байданді қолдайды" науқанына қатысқан.
Abai.kz