Жұма, 27 Қараша 2026
Жаңалықтар 262 0 пікір 27 Қараша, 2026 сағат 17:12

Сарапшы: Заңдар халыққа қолжетімдірек бола түскен...

Сурет: Конституциялық Соттың телеграм арнасынан алынды.

Бүгін Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD докторы, доцент Халил Четин Қазақстандағы Конституциялық реформалар жайлы пікір білдірді.

Ол заңдарды қоғамға кеңірек насихаттау үшін әдебиет пен мәдениеттің үлесі көбірек бола түсуі пайдалы деп топшылайды.

«Қазіргі қоғамда технология дамып жатыр. Әр адамның қолында жақсы телефон құрылғылары бар. Ол жерлерде заңдар халыққа жақсылап түсіндіріліп жатыр. Қандай заң қайлай қолданылатыны ашық айтылуда. Азаматтардың құқықтарын қорғау үшін не істелуі керек, қандай заңдар бар, бәрі қолжетімді бола түскен. Бұған қоса, заңдар театр, музыка, әдебиет арқылы көбірек насихатталса, қоғамға да соғұрлым жылдамырақ таныла түспек», - дейді PhD докторы, доцент Халил Четин.

Abai.kz

0 пікір