Думан Бықай. Көксеу...
Сағы сынып, бағы тайған КСРО баяғыда-ақ құрдымға кетсе де, өткенге өткел салғысы бар, ұстыны ушыққандар арамызда өріп жүр әлі. Қазып ойласақ, олар әнтек «мысқыл түртісті» қойып, тәуелсіздіктің іргесін түртпектейтін басқа бір әдемі әдіс тауыпты.
Сауалнама деп аталады. «Сыр» еткізіп жүргізеді де, «топ» еткізіп тастай салады. «Қоғамдық ойдың көрінісі осы» дейді оған қоймай... «Мегаполистен» оқыдық. Қалың оқырманына «Дәл қазір совет дәуірінде өмір сүргіңіз келе ме?» (http://megapolis.kz/poll/id_61) деген қызыл көбік сауал тастапты.

«Жә, қара ормандай сыңсып тұрған жұртпыз ғой» (А.Сүлейменов), бір сауалнамаға бола зар саумаспыз дестік. «Бүлдіргісі» сонда былдырай-бүлдірей сауалға ой қосқандардың 62 пайызы (!) «иә» деп жауап берген екен. Осы жерде де, тыйылып, томсарып отыра берер едік, тек тіліміздің аузымызға сыймағаны болмаса. Зерін зейінімізді салып, арыдан ойлап, беріден тартсақ, отандық айыртілді баспасөздің орыстілді деп аталатын белді бұтағы бері десең, кері шаптырар әдет тауып, онысына айнымастай бекінген екен. Онсызда түрулі іргеден тас атып отырған орыстың «оқыс тарпитын» ұйымдары аздай, өз ішімізді ірітіп жатқан «қисық ойлы, қыңыр пікірлі» бұлардың, біздің билік сөз ететін татулық пен бірлікке алып қосар үлесі қайсы ажыратып болмайсың. Ал осы сауалнаманың негізінде «Мегаполистің» не айтпағының айырымында, енінде бағып, бажайлап отырмыз. «Қыңқылы мен қыңсылы» көп қазақи мәселелерді айналып өтуге тырысатын, бізге салса тіпті ышқырға да ілмейтін бұл басылымның, мұның ғана емес отандық орыстілді баспасөздің көпшілігі көнені көксеушілікке келгенде тілі жүріп кетеді. Әлде өздеріндей емес, бой тасалар қылтасы, сүйенер арқасы қайсы дейтін болар біз бейбақты... Тақымдамағасын сөйтеді де.
Иә, сөзіміздің басында бір сауалнамаға бола зар саумаспыз дестік. Қателесіппіз. Қазақ үшін қабақ шытып қиналатындай-ақ сауал екен. Соңғы оқиғаларға қарап, мұндай сауалнамалардың саңырауқұлақтай тез қабынып кететініне куә болдық. Егер, ертең, осы сауалнаманы сауырлаған «Мегаполис» - «қазақстандықтардың 62 пайызы Кеңес үкіметінің құрылуын қос қолдап қолдайды» деп жатса таң қалмаңыз...
«Абай-ақпарат»