Сенбі, 23 Қараша 2024
2512 0 пікір 30 Тамыз, 2020 сағат 13:04

Өзбекстан төрт айда коронавируспен күреске $4,8 млрд жұмсады

Өзбекстан наурыздан шілде айына дейін коронавируспен күреске 49,3 трлн сум ($4,8 млрд) жұмсады. Бұл туралы қаржы министрі Тимур Ишметов Олий Мажлистің жалпы отырысында хабарлады.

Ишметовтің айтуынша, Дағдарысқа қарсы қор коронавируспен күреске 5,3 трлн сум ($516 млн) бөлген.

Кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға 1,6 трлн сумның ($155 млн) жеңілдігі жасалды.

Коммерциялық банктердің кәсіпкерлерді қолдауына 15,7 трлн. сум ($1,5 млрд) аударылды. 24,5 трлн. сум ($2,3 млрд) несие берілді.

2020 жылдың алғашқы тоқсанында республикалық бюджет кірісі 58,2 трлн сум ($5,6 млрд) болды. Министрдің айтуынша, биыл кіріс 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 триллион сумға ($730 млн) артқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347