Сенбі, 23 Қараша 2024
2708 5 пікір 30 Тамыз, 2020 сағат 13:07

Лукашенко Батысты «аннексиялауға тырысты» деп айыптады

Еуроодақ жетекшілері Беларусьті дипломатиялық жолмен саяси дағдарыстан шығару амалдарын қарастырып жатыр. Беларусьте президент сайлауының ресми қорытындысына жаппай наразылық 19 күннен бері жалғасып жатыр.

Берлин мен Венада 28 тамызда Беларусьтегі дағдарыс мәселесі талқыланады. Берлинде ЕО сыртқы істер министрлерінің екі күнге созылатын жиыны жалғасады. Онда Минскіге санкция салу мәселесі қаралады. Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кездесуі жоспарланған.

Ақпарат бойынша, ЕО Беларусьтегі сайлау қорытындысын бұрмалады және наразыларды күшпен басуға атсалысты деп айыпталған 15-20 адамға санкция салуға (активтерін бұғаттау, Еуропаға саяхаттауға тыйым салу) келіскен. Кейбір дипломаттар бұдан қатаңырақ шара қолдануды ұсынып отыр.

28 тамызда Венада Албания премьер-министрі Эди Рама ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің отырысында Беларусьтегі жағдай туралы баяндама жасайды. ЕҚЫҰ төрағасы Рама және Швецияның жаңа сыртқы істер министрі Анн Линдеге ашық әрі конструктивті диалог жүргізу үшін Беларусь үкіметіне баруға кеңес берілген.

Беларусьті 26 жыл басқарған даулы сайлауда ресми түрде жеңімпаз деп жарияланған басшы Александр Лукашенко Батысты елдегі тұрақсыз жағдайды пайдаланып, оның аумағын жаулап алуға тырысты деп айыптады.

– Себебі батыс елдері ең әуелі Гродный аумағын бөліп алуды көздеп отыр. Ол жерде поляк туларын да іліп қойған. Қазір отанымызға қауіп төніп тұр. Қалжыңдауға уақытымыз жоқ. Оның үстіне НАТО – әлсіз емес, – деді Лукашенко.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340