Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2370 0 пікір 15 Желтоқсан, 2011 сағат 08:35

Алматы мәслихатының депутаттығына 201 кандидат ұсынылды – ОСК

Алматы. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматы мәслихатының депутаттығына 201 кандидат ұсынылды, оның 114-і - өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлады Алматы сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов.

«14 желтоқсанда сағат 24-те мәслихат пен мәжіліс сайлауы бойынша науқанның бірінші кезеңі аяқталды. 14 желтоқсанда 24.00-де мәслихатқа 201 кандидатура ұсынылды, оның 65-і тіркелді, 4-еуі кандидатураларын қайтарып алды. 114 кандидат - өзін-өзі ұсынғандар, қалғандарын қоғамдық бірлестіктер ұсынған», - деді Б.Доспанов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Б.Доспановтың хабарлауынша, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер 66 адамды ұсынды, соның ішінде «Нұр Отан» ХДП-сынан - 34, ҚХКП-дан - 2, ҚПП - 1, Әділет - 9, ЖСДП -1, Ақ жол - 12, Руханият -1, қоғамдық ұйымдардан 26 адам ұсынылды. 201 кандидаттың 153-і - ерлер, 48-і - әйелдер, 26 адамның жасы 30-ға жетпеген, 175-інің жасы 30-да және одан асқан, 179-ының жоғарғы білімі бар, 9-ының орта арнайы және 12-сінің орта білімі бар.

Б.Доспановтың айтуынша, кандидаттардың арасында 11 ұлттың өкілдері бар.

«Ұлттық құрам жеткілікті деңгейде кеңінен ұсынылып отыр. Қазақтар - 154, орыстар -30, ұйғырлар - 4, корейлер - 3, украиндар - 2, белорустар - 1, татарлар - 1, әзербайжандар - 1, түріктер - 1, еврей - 1, күрдтер - 1», - деді ол.

«Бізде мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылғандардың жартысына жуығы - бизнес өкілдері. 2-еуі - мемлекеттік қызметкерлер, 28-і мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, 84-і - коммерсант, 3-еуі қоғамдық бірлестіктердің жұмыскерлері, 2-ейі - зейнеткерлер, 19-ы жұмыссыз, 62-сі басқалар», - деді Б.Доспанов.

Алматы сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, мәслихаттың бұрынғы құрамынан 37 адамның 23-і кандидатураларын ұсынды.

Б.Доспановтың айтуынша, сайлау округтары бойынша кандидаттардың саны біркелкі емес.

«Округтар бойынша адамдардың саны бірдей емес. Бізде небәрі 2 адамнан ғана ұсынылған округтар бар. Онда 5 округ бар. 8-9 адамнан ұсынылған округтар бар. Бұл сәйкесінше 3 және 2 округ», - деп хабарлады ол.

Б.Доспановтың айтуынша, Алматыда 517 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның ішінде қалалық, 7 аудандық, 37 округтық және 472 учаскелік сайлау комиссиясы. Сайлаушылардың тізімдеріне тоқталған ол күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлаушылардың тізімдері учаскелік сайлау комиссияларында сайлауға 20 күн қалғанда ілінеді.

«Бүгін «Вечерний Алматы» және «Алматы Ақшамы» газеттерінде call-орталықтар құрылғаны туралы ақпарат жарияланды. әр адам өзінің қай сайлау учаскесінде тіркелгенін біле алады», - деді Алматы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанна Асанова.

Б.Доспановтың атап көрсетуінше, мәслихат сайлауы науқанының келесі кезеңі -депутаттыққа кандидаттарды тіркеу 20 желтоқсанда 24.00-де аяқталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489