Бағдат Мусин министр болды
Вице-министр Бағдат Мусин енді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
«Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.
2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2020 жылдың наурызында Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалған.
Ал шілде айында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі вице-министрі болған.
Abai.kz