Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3773 2 пікір 2 Қыркүйек, 2020 сағат 14:01

Мұғалімдерге қосымша үстемақы беріліп, құқығы қорғалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауында ел дамуының негізгі бағыттары айқын көрсетілген. Оның ішінде отандық білім және ғылым мәселелеріне ерекше назар аударылғаны да белгілі.

Президенттің тапсырмасымен үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеп, қашықтан оқыту платформасы бойынша және 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен 100% қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргіземіз.

Бұл ретте, алдағы уақытта мемлекеттік тапсырысты балабақшаларға қазіргі қолданыстағы жүйедегідей білім бөлімдері немесе басқармалары бөлмейді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама алған балалардың ата-аналары кез келген балабақшаны таңдайтын болады. Әрине, мұндай бәсекелестіктің арқасында көрсетілетін қызметтердің сапасы да артуы тиіс.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттің тапсырмасымен педагогтердің сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақысы екі есе өседі, сондай-ақ магистрлік дәрежесі үшін мұғалімдер 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы алады.

Сонымен қатар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп, колледж, қосымша білім беру және балабақша педагогтерінің лауазымдық жалақысы тағы да 25%-ға артады.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері де – ерекше назарда. Бұл тұрғыда еліміздің Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылуы өте маңызды қадам болмақ.

Балаларды кибербуллингтен қорғау, балаларға арналған спорт секциялары мен үйірмелерін жаппай ашу, қосымша білім беру ұйымдарын дамыту мәселелері барлық әкімдіктің қызметінде үлкен рөл атқарады.

Бұған қоса, Президент ғылым саласын дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Жер қойнауын пайдаланушылар жұмсаған шығындарының 1% ғылым мен технологияларды дамытуға бағыттауы туралы норманының іске асуына қатысты мәселені ғалымдар ұзақ уақыт бойы айтып келеді. Енді осы мәселе да шешімін табатын болды.

Бұл мәселе бойынша сала өкілдерінің ұсыныстары Президенттің тапсырмасында көрсетілген. Енді бұл қаражат жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып, бюджет арқылы ашық түрде бөлінеді. Бұл ғылыми зерттеулер жүргізуге қосымша бағытталатын қомақты қаражатқа қатысты екендігін атап өткен жөн.

Ғылыми кадрларды дайындау мәселесіне келетін болсақ, жас ғалымдардың ғылым саласына келуін қамтамасыз ету үшін «Жас ғалым» жобасы бойынша 1000 зерттеу грантын бөлінбек.

Жыл сайын 500 ғалымның жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту бастамасы біздің ғалымдарға шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық арқылы бірлескен зерттеулер жүргізуге және өз кезегінде олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жолдауда ғалымдардың осы уақытқа дейін ұсынып келген тағы бір мәселесі айтылды. Біз еліміздің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша жеке бағдарламалық құжат әзірленеді. Оның негізгі ережелерін қалыптастыру кезінде сала өкілдерімен кеңейтілген кеңестер өткіземіз және онда халықаралық тәжірибе ескеріледі.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы тиісті талаптарға сай жұмыс істей алмайтын жоғары оқу орындарына қатысты мәселені толығымен шешуді тапсырды.

Жалпы, Президент тарапынан адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Бұған дейін мамыр айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңес отырысының білім және ғылым мәселелеріне арналғаны да белгілі.

Жолдауда Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар беріп, негізгі мақсаттар мен міндеттерді айқындады. Білім және ғылым жүйесі осы тапсырмалардың барлығын жоғары деңгейде іске асыруы тиіс.

Асхат Аймағамбетовтың жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352