Жаңаөзен: 75 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен
Жаңаөзен бүгін:
Жаңаөзендегі жағдайға байланысты жедел тергеу тобын бастап аталған қалаға кеше кешке жеткен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов: «Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер басылды. Қала тыныш. Алаңда ешкім жоқ»,-деп «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігіне телефон арқылы хабарлаған.
Министрдің мәліметіне сәйкес, кешегі тәртіпсіздік салдарынан 10 адам қаза тауып, 75 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Және алты полицей жарақат алса, оның біреуі ауыр халде жатқан көрінеді. Әрі тәртіпсіздікке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 70 адам ұсталған.
Министр Қасымов Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті кінәлі жұмыстан шығарылған мұнайшылар болғанын айтады. Олар әуелі алаңдағы мерекелік шаралардың өтуіне қарсы шығып, сосын тонаушылықпен айналысқан дейді министр.
Алайда, Жаңаөзенде ұзақ уақыттан бері ереуілдеп жатқан мұнайшылардың бірі Оразбай Тұрсынбаев Азаттық радиосына берген түсініктемесінде жергілікті билікке ескерту жасағандарын айтады:
- Мен өз қолыммен Жаңаөзен қаласы прокуроры Марат Тойжанға, қала әкімі Орақ Сарыбөпеевтің кеңсесіне апарып, ескерту хат тапсырдым және тіркеттім. Онда «16-сы күні тойдың топалаңы шығуы мүмкін, бірақ оны ереуілшілерден көрмеңдер, халықтың наразылығы пісіп келеді» деп баяндаған едік.

Сондай-ақ, Жаңаөзендегі жағдай талқыланып жатқан Твиттер әлеуметтік желісі уақытша жабылып тұр. Ал, қазіргі кезде Астанада қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтіп жатқан көрінеді. Сонымен бірге, елдегі бірқатар саяси-қоғамдық қозғалыстар Жаңаөзендегі төтенше оқиғаға байланысты үндеу жарияламақ. Бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз.
«Абай-ақпарат»
Жаңаөзен кеше:
Жаңаөзендегі төтенше оқиғаға байланысты брифинг (http://prokuror.kz/rus/novosti2/?cid=0&rid=4193) өткізген бас прокурор Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам қаза тауып, әкімшілік, қонақ үйлер ғимараттары мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесінің кеңсесі және автомобильдер өртеніп, банкоматтар тоналғанын мәлімдеді.
«Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді тоқтатып, тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды тауып, жазалап қаладағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін Елбасының тапсырмасымен ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов бастаған жедел тергеу тобы Жаңаөзен қаласына ұшып кетті» деді Асхат Дауылбаев.
Дәуылбаевтың мәлімдемесіне қарағанда, заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырған құқық қызметкерлеріне жаппай тәртіпсіздік тудырғандар қару тартып алу мақсатында қарсы шабуыл жасаған. Және олар суық қару қолданған.
«Абай-ақпарат»