Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5347 0 пікір 22 Тамыз, 2020 сағат 16:28

Еріктілер жылы не үшін жарияланды?

2020 жыл Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жылнамамен тіркелері сөзсіз. Себебі биылғы жылды Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылы (волонтерлер жылы) деп жариялған болатын. Президент аталған жарлыққа 2019 жылы 27 тамызда ресми қол қойды. 

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойып, еріктілер жылына дайындық басталғалы тура бір жылға жуық уақыт болды. Президент 2020 жылды «еріктілер жылы» ретінде бекерден-бекер жариялап отырған жоқ. Жалпы ерікті болу еркіккеннің ісі емес және еріктілер еріккендер емес. Бұл сөзді біз ойдан шығарған жоқпыз. Мемлекет басшысының өзі осындай ой айтқан болатын.

Еріктілер жылы не үшін жарияланды? Ерікті деген кім?

Мүмкін қазақ қоғамы үшін волонтер немесе еріктілер деген атау тосын естілуі мүмкін. Бірақ, шын мәнінде еркіті жұмыс істеу, өзгеге көмектесу қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан, қанына сіңген жақсы қасиеттерінің бірі. Қазақ қашанда жетімін жылатпаған, ағайыны бір жұмыс бастаса жұмыла көмектескен халық. Демек, қазақ халқы үшін «еріктілер жылы» ешқандай да бөтен ұғым емес.

Енді волонтерлік жалпы әлемде қалай қалыптасып, қалай жалпыласқаны жайлы жаза кетейік. Ашық дереккөзге сүйенсек, 1970 жылы Біріккен ұлттар ұйымы жанынан «Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлары» атты халықаралық бірлестік құрылған. Осы ұйымның ұйтқы болуымен, жер бетіндегі еріктілер бір ниет, бір тілекпен бірігіп, бірге жұмыс істей бастады. Сөйтіп, еріктілер әлемдік деңгейдегі үлкен күшке, тіпті ғаламдық қозғалысқа айналды.

Бүкіл әлемде осы волонтерлердің күшімен көптеген істер жүзеге асып жатыр. Тіпті ғалам тұрғындарының сегізден бірі ерікті ретінде қоғамдық жұмыспен айналысады деген ақпарат бар. Бұдан да анығырақ ақпарат айтар болсақ, тұтас әлемдегі волонтерлердің жалпы саны бір миллиард көлемінде болса керек. Осыдан-ақ, волонтерліктің бүкіл дүниежүзіне кең таралғанын білуге болатын шығар.

Ал өз еліміздегі жағдайға келетін болсақ, шынын айтқанда Қазақстанда ресми тіркелген волонтерлік сәл кеш дамыды. Баяғыдан өзгеге көмектескенді қуаныш санайтын халық болсақ та, волонтерлікпен жақын жылдары ғана нақты айналысып жүрміз. Биыл мемлекет басшысының өзі басты назарда ұстап, қолдау білдіріп отырғандықтан, біздің елде де еріктілердің саны артып, тез дамып келеді.

Бірақ біздің елдегі еріктілердің жалпы саны жайлы нақты ақпарат жоқтың қасы. Бірақ ұлттық волонтерлік желінің ақпаратына сүйеніп, мөлшерлесек Қазақстанда отыз мыңнан аса еріктілер қызмет етіп жатқан боулы мүмкін. Әрине 30 мыңда аз сан емес, бірақ кең-байқтақ Қазақстанда бұдан әлдеқайда көп волонтердің болғаны керек. Тағы ақпаратқа сүйенсек, әлем бойынша, жалпы ішкі өнімнің 2,5 пайызы волонтерлер еңбегінің жемісі көрінеді.

Демек еріктілердің еңбегін еркіккеннің ермегі деп емес, елдің экономикасының негізгі көмекшілерінің бірі деп қарастырған жөн. Сол үшін де еліміздегі волонтерлік қызметті дамыту мәселесі басты тақырыпқа шығып отыр. Сол үшін де елімізде арнайы волонтер жылы жарияланып, еріктілердің еңбегін бағалап, олардың қадіріне жету мәселесі төтесінен қойылып отыр.

2002 жылы Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблея­сы «Халықаралық волонтерлар жылын» жариялаған болатын. Еліміз сол жылдың өзінде Біріккен ұлттар ұйымының аталған бастамасына қолдау білдіріп, демеушілік жасаған. Ал 2010 жылы Қзақстанда да ұлт­тық волонтерлар желісі құрылған болатын. Осыдан алты жылдан кейін, 2016 жылы елімізде во­лонтерлік қызмет туралы арнайы заң да қа­былданған.

Енді тағы төрт жылдан кейін волонтерлік қызметке ел көлемінде арнайы бір жылды арнап отырмыз. Осының бәрі тұтас әлемде кең етек жайған волонтерлік қызметті біздің елде бұрынғыдан да жоғары деңгейге жеткізу үшін жасалып жатқаны сөзсіз. Сол үшін тұтас елде еріктілердің еңбегін бағалап, олардың бағасын арттыру бағытында жұмыс жасалып жатыр. Әр аймақта волонтерлік орталықтар құрылып, олардың басы тұтас ел көлемінде бірігіп, біртұтас жұмыс жасауда. Ендеше Мемлекет басшысының өзі баса назар аударып отырған волонтерлік қызмет біздің елде де қарыштап дамиды деген сенімдеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052