Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3142 0 пікір 30 Тамыз, 2020 сағат 15:32

Конституция - ел дамуының даңғыл жолын айқындады!

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні! Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата заңымыздың қабылданғанына жиырма бес жыл толып отыр. ҚР Конституциясын Егемен елдің еңсесін биіктеткен басты арқау деп білетін әрбір қазақстандық бұл күнге бейжай қарамайтыны анық.

Конституция жаңадан шаңырақ көтерген Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жарқын болашағын анықтап берді. Ата заң аясында елдіктің ең алғашқы қазығы қағылып, қабырғасы қаланды. Шаңырағымыз биіктеп, босағамыз бекіді. Заңы кемелденген, саясаты орнықты, қоғамы тұрақты, сыртқы және ішкі геосаяси ахуалы қалыптасқан іргелі елге айналдық.

Біз бұл сөздерді құр мақтан үшін айтып отырған жоқпыз. Конституция күні Қазақстан халқы үшін мерейлі мереке ретінде аталып өтіп келеді. Қазақстан халқы 30 тамызды Конституция күні рентінде тойлайды. 30 тамызда ғана емес, Конституцияның құдіретін, қажеттілігін Қазақстан жұртшылығы жан-тәнімен түйсінеді деп ойлаймыз.

Жылдағы дәстүр бойынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқын ҚР Конституциясы күнімен арнайы құттықтауы. Президенттің құттықтау сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

- Осыдан 25 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Бұл қадам тереңнен тамыр тартатын мемлекеттігімізді тың өріске бастап, Қазақстан Республикасының күрделі геосаяси жағдайдағы дамуының даңғыл жолын айқындады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Конституция - кез-келген елдің тірегі. Заңы мықты мәңгілік ел саналады. Заңға сеніп, заңға арқа сүйеген ел ғана жаңа ғасырдың төрінен орын алып, жарқын болашаққа еркін жол тартады.

Еліміздің Конституция бойынша, басты Заң шығарушы орган - Парламент. Ендеше Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің құттықтау сөзінен де бір үзінді келтіре кетейік. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан халқына арнаған құттықтау сөзсін твиттер желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

- Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды! - деді Мәжіліс Төрағасы.

Қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік тұғырына айналған Ата заңыңымыздың әрбір қазақстандық үшін аса қымбат екенін екінің бірі біледі, оны қайталап айтып жатудың өзі артық. Қазақстан халқына арналған құттықтауларында мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин да атап өтті.

Конституциямызда тайға басылған таңбадай анық жазылаған, ең басты орында тұратын адам құқығы және оның бостандығы туралы баптар, сондай-ақ, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым қағидаттарының арқасында қазақ даласында әділетті қоғам мен қуатты мемлекет құрып отырмыз. Ата заңымыз Қазақстан сынды жарқын болашақты бетке алған мәңгілік елдің мызғымас тұғырына, бағыт сілтер темірқазығына айналды.

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы басты қағида халық билігі, заңның үстемдігі, азаматтардың теңдігі және халпы халықтың бірлігі болып табылады. Қасиетті тәуелсіздігімізді мәңгілік ету үшін жоғарыда аталған қастерлі ұстанымдардан айнымауымыз керек. Сонда ғана еліміздің жарқын болашаққа бет алған даму бағдары анық болады. Сонда ғана келешегіміз кемел, мемлекеттігіміз мәңгілік болмақ.

Мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы, азаматтар арасындағы келісім, алыс-жақын шетелдермен байланыс мемлекеттің берік конституциялық негізінің арқасында қалыптасады. Конституциясы кемел ел - ертеңі ерен, болашағы жарқын ел екенін жоғарыда айттық. Демек Ата заңымыздың алдында әрбір азамат бірдей, Конституциямыз кез-келген Қазақстан азаматының арқа тірегі, сүйеніші.

Еліміз егемендік алғаннан бері жылдан-жылға тек ғана алдыға қадам басып келеді. Біздің елдің отыз жылға жуық уақытта жеткен жетістігі мен толағай табысына алыс-жақын шетел таңдай қаға тамсанады. Жас мемлекеттің мұншалық тез дамуына және ішкі-сыртқы саяси жағдайының осыншалық тұрақтылығына таңданбау қиын әрине. Осы жетістіктің бәрі кемел Конституциясымыздың арқасында екенін ешқашан естен шығармауымыз керек деп есептейміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340