Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2867 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 06:13

Елана Қасымбек. Маңғыстаулық балаларым!

Шырақтарым, шынымды айтсам еліміздің мұнайлы өңірінің бірі Маңғыстауда, оның ішінде Жаңаөзен мен Шетпеде не болып жатқанынан толық мағлұматым аз. Мен ғана емес, жалпы ел іші шынайы ақпаратқа қол жеткізе алмай отыр. Биліктің ресми мәлімдемесіне сүйенсек, Жаңаөзенде жаппай ереуілге шыққан жастардың дені бетімен кеткен, тәртіпсіз, қылымыс әлемімен байланысы терең басбұзарлар көрінеді. Көп толқуының арасында ондай адамдардың да болуы әбден ықтимал. Бірақ, әлеуметті әуіреге сүйреп жүрген жетекші топ сойылсоғарлар мен содырлар дегенге өз басым аса сене қоймаймын. Меніңше болғанда, өткен жаз мезгілінен бастап жалақы жайын қозғап, басшылық пен қарапайым еңбек адамының арасындағы теңсіздікті жоюды талап еткен мұнайшы жастардың ішкі наразылығы да Жаңаөзендегі алаңға қайнап шыққаны анық.

Жә, бауырларым, болар іс болды. Көптігіңді, төзімнің шегінен кеткенде ереуілдемей тоқтамас ел екеніңді таныттың. Енді сабаңа түс, ашуыңды ақылыңа жеңдір. Бұл мемлекет сенікі. Тұтастығыңа селекеу түсірмеудің қамын ойла. Терістік пен Батыстағы ақпарат көздері «үриіт соқтың» кебін келтіріп осы күні қазақты қанаушы алпауыт күштерге емес, қазаққа қарсы айдап салудың сұрқия тәсілдерін пайдалануда. Олар : «Қазақстанның батыс аймағында бүлікшіл адай деген тайпа тұрады, Жаңаөзендегі жарылысты жасаған сол адайлар» деп айқайлауда. Адай атамыздың ұрпағы рас, батыр ел, алайда «ақ көз адай» атана бермей, істің артын ойлаған лазым.

Ұл өсіріп, қыз тәрбиелеген ана ретінде айтарым: қабырғам қайысады, жүрегім ауырады. Біздің елді осындай халге жеткізген сұрқия сұмдар неге дер кезінде жазаланбайды деп қынжыламын. Ереуілдеген ел емес, алдымен осы оқиғаны қолдан жасаған қулар құрықталуы керек. Қатаң жазаның қамытын солардың мойнына ажырық қылып арту керектігін қадап айтамын. Елдің екпінін пайдаланып, отқа май тамызған содыр сойқандар да әділ заңның төрелігінен тыс қалмауы қажет. Бұны да қадап айтамын.

Мұнаралы Маңғыстаудағы көп көңілін алаңдатқан дүрбелең тез реттеліп, бейбіт ел бейбіт тірлігіне көшуі тиіс. Тыныштықтың, сабырдың, байыпты әм байсалды өмірдің қуанышы мен қызығы ғана баянды болады. Ойлсақ осыны ойлайық. Билік енді жалтармай, жалтақтамай халықтың тілегіне жығылып, тілін алсын. Өтірік статистиканы сапрығанды қойып, сылдыр сөзден арылып нақты іске ерекше ерік жігермен ұмтылсын. Сонда ғана дүние ағысы арнасын тауып, тойымыз тойға ұласады. Менің айтпағым - осы, айналайындар. Зиялы қауым, ұлтшыл азаматтар «Абай.кз» порталының бетінен сөз алыңдар, елге басу айтыңдар, білген түйгендеріңді ортаға салыңдар. Үнсіз қалмаңдар!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435